Мектеп жаңалықтары
Астана қаласы әкімдігінің «№29 орта мектеп» КММ «Шаттық» мектепішілік лагерінің 2023-2024 оқу жылы бойынша жұмыс қорытындысы
Астана қаласы әкімдігінің «№29 орта мектеп» КММ
«Шаттық» мектепішілік лагерінің
2023-2024 оқу жылы бойынша жұмыс қорытындысы
Мектепішілік «Шаттық» лагері 2024 жылдың 03-14.06 аралығында жұмыс істеді. Лагерьге 140 оқушы қамтылды. Аз қамтылған отбасынан 9 бала қатысты. Лагерге жауапты педагогтер белгіленіп, оқушылар тізімі жасалды. Оқушылар 5 топқа бөлінді. Әр топқа тәрбиеші, жетекші тағайындалды. Лагерде оқушылар бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Лагердің күн тәртібі бекітілді.
08.30-09.00-Балаларды қабылдау.
09.00-09.15-Ертеңгілік жаттығу.
09.15-09.30- Жиын. Күн жоспары.
09.30-11.00- Топ ішіндегі жұмыс.
11.00-11.30- Ас ішу.
11.30-12.50- Мәдени-спорттық іс-шара.
12.50-13.00- Күн қорытындысы.Жиын.
Лагердің он күндік жоспары жасалды. Лагерь жоспарына сай әр топ өзінің жоспарын жасап, бекітті.
Күн атауы | Іс-шара | Жауапты | |
| 1-күн
Танысу күні 03.06.2024 | 1.Ұйымдастыру кезеңі. 2. «Біз-біргеміз»- танысу алаңы. 3.Топ бұрышын безендіру. 5. ТҚ инструктаж өткізу 6. Лагердің ашылу салтанаты. Концерт 7. «Робот- шоу» | Тәрбиеші, жетекшілер
Әбен А.Қ. Мухантаева Ш.С. Аниматорлар |
| 2-күн
Спорттық күн 04.06.2024 | 1. «Көңілді старт» спорттық жарысы 2. Шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ сайысы. 3. «Кел, ойнайық!»- ойын сайысы | Рахимберлин М.Ж.
Семсерхан Қ.
Исабаева Д.С. |
![]() | 3-күн «Ертегілер елінде» 05.06.2024 | 1.«Кітаптар әлеміне саяхат» . 2. «Менің сүйікті ертегі кейіпкерім»- сурет сайысы. 3. «Жастар» театрына бару. | Егізбай Г.А. Горелова А.Д.
Тәрбиеші, жетекшілер |
| 4-күн Шығармашы лық күн 06.06.2024 | «Жарамсыз заттардан ғажайыптар құрастыру»- қолөнер фестивалі «Жас шаштараздар»- сайысы «Жас модельер» -сән үлгісі «Ұжымдық шығармашылық жұмыс-Көңілді жаз»-сайысы
| Жайсан Е.
Ахметкалиева К.Н. Горелова А.Д.
Мухантаева Ш.С. |
| 5-күн
Экология күні 07.06.2024 | 1. «Өз өлкеңді біл және сүй!» 2. «Табиғат-өз үйім»- экологиялық конкурс 3. «Қоршаған ортаны қорғаймыз»- экологиялық акция 4. «Жерұйық» паркі. Таза ауадағы ойындар. | Кеңесбаева А.Н. Жуматова Г.Н.
Тлеубек С. Тәрбиеші, жетекшілер |
| 6-күн
Музыка күні 10.06.2024 | 1. «Мейірімділік әлемді құтқарады»-караокемен ән байқауы. 2. Би марафоны 3.Флешмоб | Исабаева Д.С.
Әбен А.Қ. Садыхина А.М. |
![]() | 7-күн «Патриоттық күн» 11.06.2024 | «Ұлттық мұражайға бару».
«Мен өз Отанымды сүйемін!»-өлең оқу. | Тәрбиеші, жетекшілер. Сатбаева З.Б. |
![]() | 8-күн «Күлкі күні» 12.06.2024 | «Күлкі фестивалі» «Маска-шоу» | Жүсіпбек А.К. Нұртай Г.М. |
| 9-күн «Қауіпсіздік күні» 13.06.2024 | «Жолда жүру ережесін сақтаймыз»-викторина. «Велосипед жарысы» Самокат жарысы. «Байқаңыздар, кене!»-әңгіме. «Зиянды әдеттерден аулақ болайық!» | Ахметкалиева К.Н. Рахимберлин М.Ж. Олжабаева З. Ажибаева С.А.. |
| 10-күн
«Тосынсыйлар күні» 14.06.2024 | 1. «Лагерь аруы-2023», «Жігіт сұлтаны-2023» байқауы. 2. «Қош бол, лагерь»- коллаж жасау. 3. «Лагердегі ең қызықты сәт» -эссе жазу. 4. Лагердің жабылуына арналған салтанатты концерт. | Нұртай Г.М.
Тәрбиеші, жетекшілер
Әбен А.Қ. Мухантаева Ш.С. |
Биылғы жылдың ерекшелігі: әр күн атауына сәйкес белгілі бір түспен белгіленді. Сол күні оқушылар сол түске сай киім киіп келді. Күн атауына сәйкес жоспарланған іс-шаралар өз мезгілімен өтілді. Іс-шаралар туралы ақпарат, бейнероликтер мектеп сайтына, фейсбук, инстаграм жүйелеріне жүктеліп отырды. Балалар лагерден қалмай, мәдени, спорттық шараларға шығармашылықпен белсене қатысты. "Funny English","Happy English hours, «Шебер қолдар», «Ән шырқайық бәріміз», «Шынықсаң, шымыр боласың» үйірмелері кестеге сай жұмыс істеді.Балалар ағылшын тілінен білімдерін тереңдетіп, қолөнер үйреніп, таза ауада футбол, пионербол ойнап, денсаулықтарын шыңдады.Лагерь соңында әр топ балалары эссе жазып, он күнгі демалыс бойынша коллаж жасады.
Күн қорытындысы бойынша жеңімпаз топқа жетон беріліп, лагерь соңында көп жетон жинаған 3- топ тәтті сыйлықпен марапатталды. Шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, сурет сайысы, т.б. сайыс жеңімпаздары дипломмен марапатталды. Лагерь соңында барлық балаларға балмұздақ таратылды. Балалардың демалысының жақсы өткенін ата-аналардың кері байланыстарынан да байқауға болады.
Лагерь басшысы: Касанова Р.А