Мектеп жаңалықтары
Бахтияров Асар
Бахтияров Асар Ғалымжанұлы 2004 жылы 11 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында дүниеге келген. Балабақша қабырғасында болмаса да өте алғыр əрі ақылды болды. Анасының көмегімен мектепке дейін жазуды, оқуды меңгеріп барды. Өзі сурет салуға құмар-тын. Ой-қиялынан түрлі суреттер салып, түр-түсін де шебер келтіріп бояйтын. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын ұстанып, дене шынықтырумен айналысуды кішкене күнінен жанына серік етті. Ол №29 орта мектебінің үздік оқушылары қатарынан. Барлық сабақты ынта-ықыласымен оқып, ұстаздарының мақтанышы, сыныптастарының адал досы болып, əрдайым көмектесуге дайын жүреді.Просмотров: 417