Мектеп жаңалықтары
Астана қаласы №29 орта мектептің «Біз таза қаланы қолдаймыз!»ұранымен 29 сәуірде өткізілген жалпықалалық сенбілікке қатысуы.(29сәуір)2016-2017оқу жылы.
Астана қаласы №29 орта мектептің «Біз таза қаланы қолдаймыз!»ұранымен 29 сәуірде өткізілген жалпықалалық сенбілікке қатысуы.(29сәуір)2016-2017оқу жылы.
Астана қаласы №29 орта мектепте биылғы оқу жылында 937 оқушы бар.Оның 478-і бастауыш сынып оқушылары.459 оқушы орта және жоғары буында оқиды.Сенбілікке 500 оқушы сыртқы дала жұмыстарына ,ал бастауыш сынып оқушылары сынып бөлмелеріне тазалық жасады,62 мұғалім,12 кіші қызметкерлер қатысты .Барлық қатысушы саны-1011 . Сенбілік барысында мектеп ауласын сыпырып, жол жиектерін ағартып,арам шөптер шабылып тазартылды. Бұрынғы ағаштардың түбі ақталды,топырағы қопсытылды.Жаңадан 13 түп ағаш отырғызылды.Мектеп тұрған көше маңайына да тазарту жұмыстары жүргізілді.Сенбілікке мектеп ұйымы бір кісідей атсалысып,ойдағыдай өтті.Мектеп ұжымы «Астана - әлемдік ЭКСПО өтетін қала»атына сай болуына өз үлесін қосуда!Сенбілік көтеріңкі көңіл күймен,музыка әуенімен жүргізілді.Мектеп оқушыларынан 30 бала мектеп тәлімгері Оспанова Ш.М жетекшілігімен «Думан»ойын-сауық кешеніндегі қалалық флешмобқа қатыстыДиректордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Н.Ш.Мусатаева
Просмотров: 690