Мектеп жаңалықтары
«Шаттық-2017»
Астана қаласы мектептері мен колледждері арасында өткен «Шаттық-2017» Дельфилік ойындарында біздің мектеп оқушылары да өз өнерлерін көрсетті.Биылғы шығармашылық тақырып: «ЭКСПО»және «Туган жер» тақырыбы.Көркемсурет бағыты бойынша 11 сынып оқушысы Шарипуллинов Бауыржан мен бастауыш сынып оқушысы Курмангалиева Назым қатысты,жетекшілері- Дүйсенов Мереке Талгарович.Бауыржанның салған суреттері грамотамен марапатталды.Мектеп оқушыларынан құрылған «Жас талап»домбырашылар ансамблі грамотамен марапатталды.Жетекшісі-Бисимбаева Айгуль Булатовна.
Домбырада жеке күй орындаушылар арасынан топ жарған 11 «а» сынып оқушысы Құрақпаева Нұрай күміс алқа иеленді.Жетекшісі-БисимбаеваАйгуль Булатовна.
Дәстүрлі ән орындаушылықтан 10 «а» сынып оқушысы Ақылбекова Эльмира күміс алқа иеленді.Жетекшісі- Бисимбаева Айгуль Булатовна.Барлық қатысушыларға,ата-аналарына,жетекшілеріне мектеп әкімшілігі тарапынан білдірер алғысымыз шексіз!
Өнерлеріңіз өрге жүзсін!
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Мусатаева Науат Шаяхметовна
Просмотров: 818