Мектеп жаңалықтары
«ҚР Қарулы күштерінің жауынгерлік дәстүрлері»
Тақырыбы: «ҚР Қарулы күштерінің жауынгерлік дәстүрлері»
Ашық тәрбие сағатымыз сұрақ – жауап, жарыс түрінде өтті. 2топқа бөліндік. Топтың қайсы үздік шықса, сол топ әскер қатарына Отан қорғауға да дайын екенін анықтайды. 1 конверт сұрақтары оқылды.
1 - ші және 2-топтарға 10 сұрақтан.
ІІ. Байланысшылар конкурсы: ұрыс алаңынан құпия сөз келіп жетті. Сөзжұмбақ шешу.
ІІІ. Саперлар сайысы:
Екі командадан бір - бір сапер шығып, шарды үрлейді, кімнің шары ең үлкен болып үрленеді сол жеңімпаз атанады.
ІV. Барлаушылар сайысы:
Әскери терминдердің әріптері адасып кеткен соны барлаушылар іздеп табуы керек.
VI. Командирлер сайысы: Сұрақ - жауап (әр командирге төрт сұрақтан).
VII. «Әскери аспаз» сайысы екі командадан бір – бірден сайыскер шығып, картоптың қабығын үзіп алмай ұзын етіп, аршып бітіреді сол сайыскер жеңіске жетеді.
VIII. «Әскер әншілері» сайысында бір - бірден карточка алып карточкада жазылған сөз әннің бір шумағының ішінде айтылуы керек.
Қорытынды. Кезекті әділ - қазылардың шешіміне бердік. Жеңімпаздарды құттықтадық. Біз қазақтың ұланымыз, еріміз - дей келе оқушыларға өз өнерлерін көрсеткені үшін алғысыды айттым.
Сынып жетекшісі: Бекежанова Айнаш Сауытбековна
Просмотров: 1121