Мектеп жаңалықтары
"Алтын сақа" математикалық сайысы

Математика пәнінен өткен «Алтын сақа» олимпиадасының қорытындысы.
№ 52 мектеп - лицейінде «Астана дарыны» өңірлік ғылыми – практикалық орталығы мен «Zerdeli» ақыл – ой дамыту орталығының ұйымдастырумен 4 – 5 сыныптар аралығында математика пәнінен «Алтын сақа» олимпиадасы болып өтті. Сол олимпиадада математика және информатика пәнінің мұғалімі А.С.Анарбаеваның дайындаған 5 сынып оқушылары біраз жетістіктерге жетті. Тоқтала кететін болсақ: 5 «Б» сынып оқушысы Бөгенбай Нұр – Ахат және 5 «В» сынып оқушысы – Қанапин Амир - ІІІ орын, Сәкенқызы Аяужан, Елубеков Арлан және Смайлов Арыстан сияқты оқушылар «Мадақтамалармен» марапатталды. Қалған қатысқан оқушыларға «Сертификаттар» берілді.