Мектеп жаңалықтары
Назарларыңызға, « Шаттық -2016» фестивалі
Астана қаласының № 1 өнер мектебінде өткен « Шаттық -2016» фестиваліне бейнелеу өнерінен біздің №29о.м. атынан 8 «Б» сыныбының оқушысы Қажыбаева Махаббат қатысты. Сайысқа 70 бала қатысты. Суретшілерге 3 тақырып ұсынылды: «Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы», « ЭКСПО-2017», «Менің болашағым»
Ортада тұрған8 «Б» сыныбының оқушысы Қажыбаева Махаббат- түрлі байқаулардың жүлдегері, мектебіміздің мақтанышы, оқу озаты.
Махабаттың таңдаған тақырыбы: : «Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы» Жүлделі орынға ие болуыңа тілектеспіз, Махаббат!
Сынып жетекшісі: Рахимберлиа А.А.
Просмотров: 636