Мектеп жаңалықтары
Ата-ана мен мектептің байланысы
Ата-ана мен мектептің байланысы
Қарашаның 21-нде №29 орта мектебінің 2-ші сыныптары арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Әкем, шешем және мен » атты спорттық сайыс өтті. Сайысты бастауыш сынып мұғалімі: Ахметкалиева К.Н. өткізді. Сайысқа әр отбасы топ атауына сәйкес эмблема, ұрандарын әзірлеп, бірдей спорт киімдерін киіп шықты. Сайыс барысында отбасы мүшелері шыныққан, шапшаң,спортқа жақын екеніндіктерін көрсетті.
Сайыс қорытындысында 2 «Г» сыныбынан Жумадиловтар отбасы басты жүлдені қанжығасына байласа, 2-орынды 2 «А» сыныбынан Құрбановтар отбасы, 3 орынды 2 «Ә» сыныбынан Алихановтар отбасы бөлісті. Алдағы уақытта тек жеңіс шыңынан көріне беріңіздер!


Просмотров: 789