Директор блогы
Құттықтаймыз!!!

Астана қаласы математика,физика және информатика пәні мұғалімдерінің педагогикалық оқулары.
6 қаңтар күні №71 мектеп-лицейінде Астана қаласы математика,физика және информатика пәні мұғалімдерінің «Астана қаласындағы математика,физика және информатика пәні мұғалімдерінің кәсіби өсуін жобалық-зерттеушілік және жеке-шығармашылық жұмыстар арқылы Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту» тақырыбында педагогикалық оқуларының ІІ-туры болып өтті. Бұл педогогикалық оқуларға қатысу 2 кезеңнен болды. 1 кезең – сырттай(іріктеу), 2 кезең – іштей(негізгі). Бұл педогогикалық оқуларының мақсаты: Қазіргі заманғы технологиялардың теориялық және практикалық мәселелерін талқылауға және қолдануға Астана қаласындағы математика-физика циклінің пән мұғалімдерін тарту. Осы педогогикалық оқуларда біздің мектебіміздің математика және информатика пәнінің мұғалімі Анарбаева Айнур Султановна іріктеу кезеңінен негізгі кезеңге өтіп, «Қазіргі мектептегі – қазіргі сабақ» тақырыбында өз жұмысын қорғап, ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.
Просмотров: 390