Директор блогы
Құттықтаймыз!
Құттықтаймыз!
2017 жылғы10 маусымның 10 қыркүйегіне дейін өтетін халықаралық «ЭКСПО» көрмесін өткізу үшін біздің еліміз 100 қатысушы ел және 10 халықаралық ұйымдарды қабылдайды. Қатысушы елдер жаңа энергетиканы, «жасыл» технологияны экология тазалығына , экономикаға және қоршаған ортаға зияның келтірмей пайдалану саласындағы жетістіктер мен үрдістерін көрсетеді.
Оқушылар да алдағы «ЭКСПО» көрмесіне өз үлестерін қосты. Олар қалалық сайыстарға белсене қатысып, «ЭКСПО» көрмесінің көпжылдық тарихы жөнінде өз ойларын шығарма жұмыстарында білдірді. 4«Г» сыныбында оқитын біздің оқушымыз Туспекова Гульжан ұстазы Мухантаева Шолпан Сапарбековнамен бірге осы сайыста белсенді қатысып екінші орынға ие болды. Мектеп өз женімпаздарымен мақтан етеді! Мен №29 орта мектеп әкімшілігі атынан біздің жеңімпаздарымызды құттықтаймын. Сіздерге алдағы уақытта тек қана жаңа жетістіктер мен көптеген белестерге жете берулеріңізге тілектеспін!