Меню KDT

logo.jpg?_=1502946731

   

logoimg2.jpg?_=1544615628
baiterek2.jpg?_=1461729572

Директор блогы

Құрметті сайт қонақтары!!!




Құрметті сайт қонақтары!!!

         Білім -  адамзаттың сарқылмас қазынасы. Адамзат тарихында ұлт болсын, ұлыс болсын, жеке адам болсын тек білім арқылы ғана өзінің көздеген мақсатына жетеді. Білімменғана басқалардан озады. Біліммен  ғана еңбегінің жемісін  көре алады. Ұлы суреткер жазушымыз М. Әуезов: «Ұлт пен ұлтты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе - білім» деп тегін айтпаған.Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп – білім ордасы, осы орданың табалдырығынан аттаған әр бала өзіне керекті білімді меңгеріп, бойындағы қабілеттерін ашып, шыңдай түседі. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.Біз үнемі айтып жүретін, ойшылдық, көрегендік, адамгершілік, парасаттылық деген ұғымдардың–бәрі де біліммен тікелей байланысты. Адам бойында болатын тапқырлық, шығармашылық қасиеттері біліммен ғана кемелденеді. Бір ұлттың, мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің кепілі – білім ғана. Ұлттың білім қорының, біліктілік сапасының қандай екенін мектебінен көруге болады. Мектеп даналардың түлеп ұшар тұғыры, талантын шыңдар білім ордасы. Ұлттың рухани байлығы білімінде,   ұстанар бағыты тәрбиесінде, осы білім мен тәрбиенің сарқылмас кәусар бұлағының көзі мектепте.

Осы тұрғыдан келгенде тәуелсіз қазақ елінің бүгінгі құдіреті, болашағының кепілі – кемел білім берер мектебінде десек,сол білім ұясынан  көптеген талантты да  дарынды  түлектерді тәрбиелеп ұшырған  білім ордалардың бірі – Астана қаласындағы  №29 орта мектебі.

Биыл жылқы жылы табалдырығымызды аттай сала «Теміржолшылар» кентінде орналасқан  67 жыл тарихы бар №29 орта мектеп 2  қабатты  ескі мектептен 3 қабатты зәулім жаңа мектеп ғимаратына көшті. Бұл кент тұрғындары мен   білім ордасында қызмет атқарып жүрген ұстаздар және  сол мектеп қабырғасында біліммен сусындайтын оқушылар үшін де  үлкен қуантарлық жағдай болды. Теміржолшылар кентінде орналасқан  көз тартар  жаңа ғимарат елбасымыздың  «Жүз мектеп, жүз аурухана» бағдарламасы бойынша салынған еді.  Мектеп 1100 оқушыға арнап салынған. Оқушылардың заман талабына сай жан-жақты білім алуына барлық жағдай жасалған. Бұл біздің Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың салихалы саясатының іске асып жатқан бір көрінісі және болашаққа деген қамқорлығы деп білеміз.  Қазіргі таңда тәуелсіз елдің ұрпақтарына арналған білім ошағы ата – аналар мен оқушылардың  мақтанышына айналды.  Осындай қуанышқа толы  мектебіміз бүгін де белсене жұмыс жасап, шәкірттердің жан-жақты тәрбиеленуіне күш салуда.

Бүкіл өмірін бала тәрбиелеу ісіне арнаған парасатты да ұлағатты  ұстаздарымыз  Гаргарица С.Ф., Касанова Р.Ә., Акмаганбетова Р.М., Абельдиноа Р.Д., Карабанова С.А., Анарбаева А.С., Мухантаева Ш.С., Оспанова Ш.М., Бекежанова А.С., Рахимберлина А.А., Смагулова Б.Ж.  қажырлы еңбектерінің арқасында  зәулім ғимаратқа, жаңа тынысқа ие болған білім ордамыздың жұмыс сапасы күннен-күнге артуда.

         Тәуелсіз Қазақстанның болашағы, жас ұрпақты тәрбиелеп, жеке тұлғаны жан-жақты дамытып, білімге деген сенімін нығайтып, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыратын мектеп дейтін болсақ, ендеше  осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға – Ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады. Халқымыз әрқашан да ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп, бағалаған. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады» деп айтқан ұлы Абай. Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу – әрбір ұстаздың борышы.

Мектебіміздің майталман әрі осы білім ордасында көп жылдан бері қызмет атқаратын тәжірибелі  ұстаздарымыз – Қылышбаева Б.Қ., Халидуллина О.К., Ұлтарақова Б.Р.

Бүгінгі таңда Астана қаласы №29 орта мектебінде шәкірттерге сапалы білім мен саналы тәрбие беріп  жатқан ұлағатты ұстаздарымыздың   қажырлы еңбектері мен шығармашылық жұмыстарын  атап айтуға болады. Жыл сайын қалалық, облыстық, республикалық олимпиадаларға, байқауларға,  сайыстарға оқушылар дайындау, ғылыми жобаларды қорғау,  мектеп ұжымы үшін дәстүрге айналған үрдіс. Мектепте үздіксіз шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздар ұжымының нәтижелі еңбектерінің арқасында төмендегідей жетістіктерге жетуде. Наурыз айында Алматы қаласында өткен оқушылардың Республикалық ғылыми жоба конкурсында Каппасова Сандуғаш Елтайқызы жетелеген 10-сынып оқушылары Қуанышбекова Диана мен Усай Динара  ІV орынды иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бұған қоса Анапьянова Райхан Әскерқызы,  Нарбаева Қазына Сейітқасымқызының оқушылары да ғылыми жоба жұмыстарына қатысып, қала көлемінде өздерінің жұмыстарын қорғады.  Оқушылардың сапалы білім көрсеткіш нәтижелерінің бірі – пәндік олимпиадалар. Қала мектептері  арасында  өткізілген негізгі пәндер бойынша аудандық олимпиадада  математика пәні мұғалімі  Каппасова Сандуғаш Елтайқызының оқушысы Айтжан Нарғыз ІІІ орын,  тарих пәні мұғалімі Түспеков Жамантай Өнербекұлының оқушысы Айтпаева Анар ІІІ орын, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Шайхыстан Айнұр Асқарбекқызының оқушысы Еркінбаева Арайлым ІІІ орын жеңімпаздары атанды. Ал орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Акмағанбетова Роза Мұқышқызының оқушысы Серікбай  Мөлдір мақтау қағазымен марапатталды. VІ облыстық  «КАТЕV» қазақ тілі олимпиадасында қазақ тілі пәні мұғалімі Акасова Гүлнар Жұмабекқызы, Жекеева Сауле Мұқанқызының  оқушысы Ягульбиева Лиана мақтау қағазымен марапатталды. Бастауыш  сынып оқушыларының қалалық олимпиадасында 4 сынып шәкірттетіміз де жақсы нәтиже көрсетті. Атап айтатын болсақ,  мұғалім әрі мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Касанова Райгүл Әйтөреқызының оқушысы Ниязбек Балауса дүниетану пәнінен ІІІ орынды жеңіп алса, бастауыш пәні мұғалімі Құрмағалиева Райхан Нығметоллақызының оқушысы Айтбаев Шерғазы математика пәнінен  ІІІ орын, дүниетану пәнінен Сүйіндік Сәбина ІІІ орындарға ие болды.  Математика пәнінен «Жас зияткер» оқушылар арасындағы олимпиадада Жекенова Бибігүл Төлеубайқызының оқушылары Құрақпаева Нұрай І орын, Жұбалдықов Қуаныш ІІІ орынды иеленді. Жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған  І Астаналық «Бәйтерек» олимпиадасында математика пәні мұғалімдері  Анарбаева Айнұр Сұлтанқызы,  Бимолдина Роза Жанабайқызы, Жекенова Бибігүл Төлеубайқызы, Хамитов  Е.Е. оқушылары Усаева А, Альфитов Р, Нарбаев К, Құрақпаева Н,  Жұбалдықов Қ, Қайыржанова А.  грамоталармен марапатталса, математика пәні бойынша «Зерде» олимпиадасында Ұлтарақова Бақтықыз Раушанқызының оқушысы Бекетов Мереке  ІІІ орынды иеленіп қайтты. Ағылшын пәнінен халықаралық олимпиадасына Гаргарица Светлана Федоровнаның оқушылары қатысып, І-ІІ дәрежелі диплом,грамоталарға ие болды.

Сонымен бірге біздің оқушыларымыз түрлі интеллектуальдық конкурстарға, сайыстарға қатысып, жоғарғы жетістіктерге жетіп жүр. Екі  оқушымыз Уасаева Альбина, Усаева Динара халықаралық  «Ақбота -2013»  интеллектуальдық республикалық марафон байқауында   ІІІ орын  жүлдегерлері болса,  «Адам және табиғат» атты халықаралық интеллектуалдық  конкурста  Жантасов Диас І орынды жеңіп алды,  Жанғұрбаева Арайлым, Құрақпаева Нұрай, Ажибаева Дильназ, Асқарова Ақниет, Убайдулла Асхат сияқты  дарынды оқушыларымыз қалалық Сәкен, Махамбет, Мағжан, Т.Айбергенов оқуларында  ІІ-ІІІ орынды иеленіп, жеңімпаздары атанса, жыл сайын орыс сыныптары арасында өткізілетін қалалық Абай оқуларында 4-сынып оқушысы Убайдулла Асхат ІІІ орынды иеленсе, 10-сынып оқушылары Саттарова  Анель,  Рахимжанова Анеля.  Рахимжанова Наргиз  мақтау қағазымен марапатталды.  Туған тілінде өз ойларын көркемдеп еркін кестелей алатын шебер оқушыларымыз әр тақырыпта өткізілетін шығармалар сайысында да жетістіктер көрсетіп жүр. Президент күніне арналған «Елбасы – елімнің тірегі, халықтың адал тілегі» атты қалалық шығармалар сайысында Ниязбек Балауса І орын, «Рахмет, Анашым» атты сайыста 5- сынып оқушысы Айтпаева Диана ІІІ дәрежелі дипломмен,  «Дети СМАРТ Астаны» шығармалар сайысында 9 сынып оқушысы Сақан Жанболат алғыс хатпен марапатталса, осы сайыста Дүйсенов Мереке Талғарұлының оқушысы Шакирхан Айсұлу ІІ дәрежелі диломға ие болды.

Мектеп ордасында  оқушы бойындағы талап пен талантты жетілдіру мақсатында әр түрлі факультатив және үйірме сабақтары жүреді.  Домбыра,  үйірмесімен қатар  спортсүйер оқушыларға арналаған  баскетбол, волейбол, тоғызқұмалақ үйірмелері жұмыс істейді Осы бағыта оқушылармыз қала деңгейіндегі жарыстарға, байқауларға да қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Республикалық  додаларда  алдыңғы орындарды бағындырып жүрген спортшыларымызда аз емес. Атап айтсақ, 11-сынып оқушысы Маржикпаев Рахат Киев қаласында өткізілген бокстан жасөспірімдер арасындағы  әлем чемпионатына қатысып, І орын жүлдегері атанса, Астана қаласында өткізілген  қолма-қол жекпе жек чемпионатында Есетов Жарас ІІІ орын күміс жүлдегері атанса,  дзюдо жарысында Мударов Висхан алтын, күміс, қола медаліне ие болды. Осы спортшыларымызды шыңдап үлкен жарыстарға дайындап, жүлделі орындарға жеткізіп жүрген денешынықтыру пән мұғалімі Кантеев Ғ.Ә.

         Мектебімізде  өнерпаз оқушыларымызда баршылық.   Республикалық дәрежедегі «Айгөлек» балалар және жасөспірімдер ән байқауының жүргізушісі Хасен Еркеш өзін әр қырынан көрсетіп келеді. Түрлі байқауларда өзінің ерекше талантының арқасында ерекшеленіп, мектеп ішіндегі қоғамдық шараларға белсене ат салысатын дарынды оқушыларымыздың бірі.  Сондай талантты  жас  өнерпаз  оқушыларымыздың бірі -  Байзақов Қуаныш ән өнерінен алда жүрсе,  Москва қаласында өткізілген би чемпионатында Метелев Денис І орын ,алтын медаліне ие болды. Коваленко Ангелина «Шаттық -2014» фестиваліне қатысып дипломмен марапатталса, осы конкурста мектебіміздің музыканты әрі өз ісінің білгір ұстаздары Абдыкаиырова Роза Темірбековна мен Загипарова Клара Сүлейменқызының жетекшілігімен мектебіміздің хор ұжымы «Шаттық -2014» фестивалінің дипломанттары атанды. Сонымен бірге мектебімізде оқушылардан құралған «Жас  дарын» домбыра ансамблі республикалық, қалалық байқауларға қатысып, өз өнерлерін көрсетуде.

Мектеп ұстаздары сапалы білім берумен қатар үздіксіз үйренуден жалықпайды. Мұғалімдеріміз Республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға көптеп қатысып, «алғыс хатпен» марапатталып, еңбектері арнайы баспа беттерінде жарияланды.Сонымен қатар  мұғалімдер шығармашылық ізденісте жүріп,  «Атамекен» Қазақстан картасы этно-мемориалдық  мұражайы ұйымдастырған «Үздік сабақ» байқауында Касанова Райгүл Әлтөреқызы сабақ көрсетіп  І орында жеңіп алса, Рахимжанова Ә.М., Кожаналиева А.О., Досполова Г.А. Ахмадиярова Б.М., Абилова А.Ж., Есен Ұ.С.,  Сүлейменова Г.Б.  мұғалімдеріміз дипломдармен марапатталды. Ең үздік сабақ  үлгілері  арнайы шыққан жинақтарға  енгізілді. Музыка пәні мұғалімі Загипарова Клара Сүлейменқызы қалалық әскери әндер конкурсының дипломанты атанды. Жаста болса қалалық байқауларға, сайыстарға қатысып, үнемі ізденісте жүретін тарих пәнінің мұғалімі Қызбаева Анар Айтмұхамбетқызы  «Атамекен» Қазақстан картасы этно-мемориалдық  мұражайы ұйымдастырған «Үздік педагог» байқауына  қатысып, кәсіби шеберлігін арттыруда. Бастауыш пәні мұғалімі Құрманғалиева Райхан Нығметолақызы мұғалімдерге арналған Қазақстан интеллектуалдық олимпиадасына қатысып, ең жақсы нәтиже көрсетіп, сертификатқа ие болды. Бұған қоса мектеп ұстаздары өз білімдерін жетілдіру мақсатында республикалық, қалалық деңгейдегі курстардан өтіп, өз білім, біліктіктерін жетілдіруде.

Ұрпақ тәрбиесі ешқашанда екінші орында болған емес. Демек, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелей білу - бүгінгі таңдағы мектептің басты міндеті. Осы мақсатта  оқушыларға саналы білім беріп, оқушымен бірге  білім шыңына нық қадам басу - біздің басты міндетіміз болып қала бермек.



Просмотров: 436

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Рухани жаңғыру



.

Пайдалы сілтемелер

Скачать весь прайс

www e gov kz

mon 5 07

banner lib rus

Сенім телефондары!





Скрыть