Меню KDT

logo.jpg?_=1502946730

    

logoimg2.jpg?_=1544615628
baiterek2.jpg?_=1461729572

  №29 орта мектеп

Сынып жетекшілер бірлестігі

Менің тәрбие сағаттар жинағым

 

                                                  

Сыныбы

3 «А»    Мұғалімі: Рахимжанова Ә.М.

Пәні

Дүниетану

Тақырыбы

Табиғаттағы құбылыстар

Оқу мақсаты

Оқушылар табиғатты бақылау әдісімен зерттеуді үйрену арқылы түсінік алады, білімін, тілін дамытуға және байқампаздыққа дағдыланады

Табыс критерийлері

Барлық оқушылар

Көпшілік оқушылар

Жекелеген оқушылар

-жыл мезгілдерін біледі

-табиғи құбылыстарды біледі

-табиғи құбылыстарды біледі

-табиғи апаттар жайлы айта алады

-бұлт түрлерін біледі

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Мақсаты

Мұғалім не істейді?

Оқушы не істейді?

Ресурстар

2мин.

Ұйымдастыру

Психологиялық ахуал

 

Қ.Мырза-Алидің өлеңін

оқиды

О, далам, меніңбайтағым,

Даламдепөлеңайтамын.

Ұлың боп ойлап барам да,

Құлын боп ойнап қайтамын.

О, далам, меніңбайтағым,

Даламдепөлеңайтамын. Солған Ай болып барам да,

Толған Ай болыпқайтамын. -Бұл өлең не туралы?

-Табиғат деген не?

Оқушылар тыңдайды

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар жауап береді

Дереккөзі: http://www.zharar.com/kz/olen/5003-tabigat.html#utm_source=read

4 мин.

Топпен жұмыс

Оқушылар көктем, қыс, жаз, күз болып 4 топқа бөлінген.1-топ «Табиғат» сөзіне фонологиялық талдау жасайды

2-топ .5 жолды өлең жазады

3-топ .эссе жазады

4-топ .сурет салады

Оқушылардың білім деңгейін тексеру

Бақылайды, баяу музыка қояды

Тапсырмаларды орындайды.Топ-пен қорғайды.

 

3 мин.

Қызығушы

лықты ояту

«Дыбысынан таны»

Жұмбақтар шешу

Жоғалды біздер тапқанша-ақ. Бұршақ

Алайын десем алынбас

Жұлдыз

Жүретұғын жолы жоқ

Қанаты жоқ ұшады

Аяғы жоқ қашады

Бұлт

Жел

Есту арқылы қандай табиғат құбылысы екенін табу.

 

АКТ-ны қолдану арқылы табиғат дыбыстарын естіртеді.

Жұмбақтар айтады

Тыңдайды, айтады

«Табиғат дыбыстары» аудиожазба

14 мин

Негізгі бөлім

Оқулықпен жұмыс

 

  1. Әр бөлімді тоқтап отырып оқиды, түсіндіріп отырады. 2.М.Дулатовтың «Күз» мәтінін оқып, оның ішіндегі табиғат құбылыстарын айтып береді.
  2. Табиғат құбылыстарына байланысты қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Бақылайды, қосымша мәліметтер береді.

Оқиды, түсіндірелді

Оқулық

2 мин

Сергіту сәті

 

Қимыл түрлерін көрсету

Көрсетеді

Қимыл-қозғалысты қайталайды

Интербелсенді тақта

5 мин

Пысықтау

Презентация

Табиғи құбылыстар жайлы презентация көреді

Сұрақтар қояды

Көреді, сұрақтарға жауап береді.

Интербелсенді тақта

10 мин

Қорытынды

Топпен жұмыс

Әр топ өз жыл мезгіліне сәйкес келетін табиғи құбылысты жазады, қима қағаздардан жыл мезгіліне сәйкес коллаж құрастырады

Сабақты қорытындылау мақсатында топпен жұмыс жүргізу

Бақылайды

Топпен талқылайды, коллаж құрастырады, қорғайды

Қима қағаздар, флипчарт

2 мин

Кері байланыс

 

 

 

Оқушылар жазады

 

2 мин

Бағалау

Басқаларды бағалай білу

 

Бақылайды

Топ басшылары топтағы оқушыларды бағалайды, топтың ортақ бағасын шығарады

Бағалау парағы

1 мин

Үйге тапсырма беру

 

 

Үйге тапсырма береді

 

Оқулық, ғаламтор

 


Өткізген: Кожаналиева Айгул Оразалиевна

Сынып: 2 «В»
Өткізілген орны: «Атамекен » Қазақстан картасы»

                                 этно-мемориалдық     кешені                                    

 

Тақырыбы: Тәуелсіздік тірегім, елім деп соққан жүрегім

Сабақтың көрнекілігі. Қазақ елі батырлары, кемеңгерлері, еліміздің рәміздері.

Сабақтың барысы: Мұғалім сөзі:

Құрметті ұстаздар, оқушылар. Бүгін біздер үшін өте қуанышты үлкен мереке. Күні кеше ғана 1-желтоқсан «Президент күні» өтсе, санаулы күндерден кейін 16- желтоқсан «Тәуелсіздік күні» мерекеміз де таяп қалды.16-желтоқсан десек онда ойымызға сонау кездегі 1986 жылғы сұрапыл соғыс жастар көтерілісі есімізге түседі.Осы бір тағылымы терең оқиғаның себептеріне үңіліп көрейік, жауап іздейік.

Слайд: Тәуелсіздік тірегім, елім деп соққан жүрегім.

1-сұрақ: Желтоқсан оқиғасының шығу себебі не?

Қуанышбекова Елдана: 1986 жылы 16 желтоқсанда Д.Қонаевты Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшылығынан босатып, орнына Колбинді сайлады.Колбин Қазақстанда тұрмайды, онда қызмет етпеген. Міне, осы пленум шешіміне қазақ жастары бейбіт түрде наразылық білдіріп алаңға шықты. Жастар шеруі желтоқсан айының 17-18 күндері болды. Бұл оқиға сол себепті де тарихта желтоқсан оқиғасы деген атпен қалды.

2-сұрақ: Жастар наразылығы неге біздің және Мәскеу тарапынан қолдау таппады? Неге жаныштауға тырысты?

Дариға: Республиканың Колбин бастаған жаңа басшылығы олармен терезесі тең түрде пікір алысып, ұсыныстарына құлақ салуды намыс көрді. Олар әкімшілік-әміршілдік өктем көкірек, өр мінез көрсетті. Республикада тұратын 6 миллионнан астам адамнан, қазақтан лайықты ешкім таппай, сенімсіздік білдірген Мәскеуге қарсы бұл жастар қозғалысын олар ұлтшылдық, нашақорлық деп айып тағып, жаныштады.

3-сұрақ: Әділдік үшін күрескен жастардың қаншасы жауапқа тартылды? Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер болды ма, олар кімдер?

Еркежан: Бұл оқиғаға байланысты 103 адам жауапқа тартылды. 99-ы сотталды. Алматы қаласы бойынша 2401 адам қамауға алынып оқудан 309 студент шығарылған, 99-ның ішінде 2 адам өлім жазасына кесілген. Олар: Қайрат Рысқұлбеков, Мырзағали Әбдіқұлов. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды.

Мұзда жанған алау“ бейнефильм көрсетіледі. Желтоқсан желі өлеңі ойнап тұрады.

Көрініс. Тергеуші Қайраттан сұрақ алады.

5-сұрақ: Ұлы Отан соғысында көптеген батыр қыздар болды, Әзілхан Нұршайықов ағамыз айтқандай осы екі күнге созылған сұм соғыста елім деп, алаңда жүрген қыздар болды ма?

Жанель: Жазаға тартылған 99-дың 76-сы ерлер де, ал қалған 23-і қыз-келіншектер болған. Осы ел намысын қорғап, ел болашағын ойлап, ерлігімен көзге түскен 23-тің атынан Ләззат туралы айтқым келеді. Чайковский атындағы училищенің студенті-Ләззат танкімен тапталып өлтірілген. Оған көптеген ақын жазушылар жыр арнады. 6-сұрақ: Желтоқсан оқиғасы біткен соң әділдік орнады ма?

Әсел: Қыршын кеткен жастардың күткені-әділдік еді. Ол үміттері ақталды ма? Бірақ сондай жаза қолданатындай олардың бұзықтық жасамағандығы бірнеше жылдардан кейін анықталды. Желтоқсан жаңғырығы алысқа жетті.

     1989 жылы 6-шілдеде Қазақ ССР жоғары кеңесі Президиумының Комиссиясы құрылды. Мүшесіне 12 адам кірді. Комиссия қыруар іс жүргізді. 25 томнан тұратын 2 мыңдай құжат тексерілді. Ақыр аяғында желтоқсан оқиғасы ақталды.

 

 

Сендер осы кезде болсаңдар не істер едіңдер? эссе жазайық.

1-топ. Оқушылар «Тәуелсіздік» тақырыбына эссе жазып, оқып өз ойларын ортаға салады.

2-топ. «Тәуелсіздік» тақырыбына сурет салып, өз ойларын айтады.

Аманжол сапар өз өнерін көрсетеді.

Болашақтың беріктігін біз қалаймыз. Өлең оқу.

Жұлдыз: Тәуелсіз ел!                            Дурдана:   Ұлан ғайыр, далам менің кеңдігім,

Ата-бабам ұзақ күткен теңдігін,                   Ұзақ күтті- ау елім менің теңдігін.

Ұлан ғайыр далам менің кеңдігім.                           Ата-бабам армандаған аңсаған,

Тәуелсіздік-еркіндігім, ерлігім.                       Ұрпақтары көрді тәуелсіздігін.

Тәуелсіздіктің басты жемісі Еркіндік. Еркіндігіміздің, егемендігіміздің арқасында өзіміздің Әнұранымыз, туымыз, елтаңбамыз, төл теңгеміз бар.

Еламан: Күндер өтті кешегі,                      Несіне оны жасырам?   Баға жетпес асыл ән!

               Жігері құм боп жасыған     Әнұраным бүгінгі

Би. Қуанышбекова Елдана, Ниязбек Жанель.

Сабақты қорытындылау:

2-топ сұрақтар алмастырады.

Жер тобының сұрақтары
  1. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік туралы Заңы қашан қабылданды?  1991жыл.
  2. Еліміздің рәміздері қашан қабылданды?     1992 жыл 4 маусымда.
  3. Қазақстан компартиясы қашан таратылды?  1991жыл.
  4. Қазақстан ұлттық гвардиясы қашан құрылды? 1992 жылы.
  5. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы- теңгенің айналымға енген жылы- 1993 жыл.

Күн тобының сұрақтары:

  1. Еліміздің тірегі, президенті кім? Н.Ә.Назарбаев
  2. Президент жыл сайын халыққа не жариялайды? Халыққа өзінің жолдауын жариялайды.
  3. 2017 жылы елімізде не өтеді? ЕХРО 2017 көрмесі өтеді.
  4. Қай кезде еліміздің президентін сайлады және кімді? 1991 жылы 1- желтоқсанда
  5. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Ата заңы қашан қабылданды . 1992 жылы 28 қаңтарда

Қорытындылау

«Көк тудың желбірегені» өлеңімен сабақты қорытындылап аяқтайдым.оқушылар орындарынан тұрып, өлең айтады.

«Аяулы күз, алтын күз» ертеңгілігінің бағдарламасы

1 - жүргізуші Мінеки табиғаттың ерекше құбылып, айналамыз cары түске боялатын, қамбамыз астыққа толатын, бәріміз асыға күтетін, сағындырған сырмен көңілге қуаныш, асқарлы үміт сыйлайтын, баршамызға шашылған сары нұрымен шуақ болып тарайтын берекелі мезгіл күз айы да келді. Шөп сарғайып, Өңі тайып, Дала сұры қашады. Бой жаза алмай, Ойнай алмай, Денең мұздап тоңады Айтшы балалар Бұл қай кезде болады? 2 - жүргізуші Қазан болды молшылық, Дәулет қорын қалады. Заңғар көкке жол сызып, Құстар қайтып барады. Бұл құбылыс балалар Қай кезде ғана болады. 1 - жүргізуші Көк аспаным мөлдіреп Шуақты көзім елжіреп Асыр салып жүретін, Сары көйлегім желбіреп. Айтшы енді балалар Бұл қай мезгілдің келгені 2 - жүргізуші Жайдары күз, жарқын күз Аяулы күз, алтын күз. Дәнге толы ен далам Дариядай шалқар күз Алтын күздің келгені.      Қайырлы күн Ұлағатты ұстаздар, жалынды да, жігерлі жас достарым. Берекелі де, мерекелі Алтын күз мерекелеріңіз құтты болсын!

2 - жүргізуші Күз айы мерекелі ай. Қырман толып, халқымыздың ырысы артатын берекелі ай. Келесі күзге дейін жүрегімізде есте қалатындай арман сезімін себелейтін, үнемі асқақ мұраттарға жетелеп отыратын қасиетті ай. Ендеше халайық келіп отырған Алтын күз мерекесі әрбір жанға құт пен береке, ырыс пен табыс әкелсін демекпіз. 1 - жүргізуші. Құрметті халайық бүгінгі өткізгелі отырған байқауымыздың негізгі мақсаты: Жаңа ғасырдың ұлы көшінде егемендігі еңселене түскен Тәуелсіз Қазақстанда тұрып тәрбиеленіп жатқан жастарымыздың рухын көтеріп, эстетикалық талғамын арттыру арқылы өнерге, сезімталдыққа, сыпайылыққа, мейірбандылыққа, адалдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу болып табылады. 2 - жүргізуші Олай болса бүгінгі «Аяулы күз, Алтын күз» атты байқауымызға қош келдіңіздер.

1 - жүргізуші Аяулы күз, Алтын күз - 2013 байқауының үміткерлері бастауыш сынып оқушыларына ақ жол деп, қошемет көрсетейік құрметті көпшілік.

Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем. Әділдікке бас иеді күллі әлем Жүйрік озар сайыстарда неше бір Сарапқа сал әділдікпен шеше біл … дей келе бүгінгі сайысымызға қазылық жасайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!

2 - жүргізуші Ендеше бүгінгі кешіміздің бағдарламасымен таныс болыңыздар. Бағдарламамыз 9 кезеңнен тұрады

  1. 2.- кезең «Күз» тақырыбына өлең оқу.
  2. 4. – кезең Кім жылдам?ойыны. Сұрақ –жауап сайысы 5. – кезең Күз мезгілі керемет. Фото шоп сайысы 6. – кезең Күздік сән әлемі.

8- кезең «Алтын күз» сурет сайысы

9- кезең Көрме ұйымдастыру сайысы

 

1 - жүргізуші Бүгінгі өткізгелі отырған кешіміздің бет - пердесін ашып, үміткерлерге сәт – сапар тілеу үшін сөз Мектебіміздің Бастауыш оқу бөлімінің орынбасары Касанова Р.А. беріледі. Жандары жақсылыққа тұнып дәйім Жол берсін қақ жарылып қырық қайың Құрметпен ортаға шақырайық Бар сарай өздеріңді ұлықтайтын

2 - жүргізуші Құрметті көпшілік көрерменім Жақсылыққа әрдайым артқан сенім тілеп үкілі үміттерге

 

 

 

 

  1. Таныстыру сайысына кезек бердім Ендеше бірінші шартымыз. Үміткерлеріміздің сыныбын немесе өз - өздерін таныстыруы үшін ортаға шақырайық..

1 – жүргізуші

Берекесін сыйлауға Өлкемізге күз келді Жемістерін жинауға Шақырады біздерді

Күз мезгілі келеді. -Сәлеметсіңдер ме балалар! - Мені таныдыңдар ма? - Не тойлап жатсыңдар? - Ал маған кім «Мен яғни күз »тақырыбында тақпақтар айтып береді. 

 

2-жүргізуші

Баршаға өнер сүйер жар саламыз Үкілі үміттерді қарсы аламыз Күйге енейік баршамыз ерекше бір Сіздер үшін би билеп, ән саламыз деп сайысымыздың келесі кезеңі

 

Өз өнерлерін көрсету сайысы

2 «В» сынып оқушылары «Жылайды жапырақ» биін билеуде.

  1. ге шақырамыз.
3 «А» сынып оқушысы «Шығыс биін» орындауда.

2 «В» сынып оқушылары «Жылайды жапырақ» биін билеуде.

 

2 «В» сынып қыздары өнер көрсетуде.

1-жүргізуші

Ал балалар , сайысқа қалайсыңдар? Сендер өтер әлі де талай сын бар. Тапсырма ал, қоржыннан қымсынбай кеп, Жауап берсең сұраққа, жарайсыңдар.

  1. ойынын ойнау үшін әр сыныптан 1 оқушыдан шақырамыз.

Алтын күз сайысын тамашалауда.

Әрбір сынып күздік сән әлімінде тұғырда.

2 - жүргізуші Көркіңмен жаз жадырап күліпті күз, Сұлулықты көргенге үміттіміз Қуаныш сыйлай берші бал татыған. Биімен айналады қылықты қыз - дей келе 2 «В» сынып қыздарын ортаға шақырамыз.

1 - жүргізушіКелесі фотошоп сайысына кезек береміз.

Барлық сынып фотоларын әділқазыларға ұсынады.

2-жүргізуші

Күздің салқын самалы, Аймалайды маңдайдан, Алып қашып барады, Жапырақты сарғайған  деп келесі кезекті

  1.  1 - жүргізуші  Мұнда назар салайық Мерекесі халықтың Алтын күзге арналған Тағамдарға қарайық. деп келесі кезекті

Оқушылар «Күздік көқөністер мен жемістер» киім үлгілері бойынша сән әлемінде.

3 «В» сынып оқушылары   Жау-жау жаңбыр биін билеуде.

 

1 «В» Сынып оқушысы сұраққа жауап беруде.

3 «В» сынып оқушылары Жау-жау жаңбыр биін билеуде.

Оқушылар сән үлгісін көрсетуде.

  1. сайысы

 

2 - жүргізуші  Күз келді,сары күз келді Тау ызғарлы түз желді Тыраулатып аспанда Тырналарын тізді енді деп

  1. 1- жүргізуші Алқаптан бидайды Қоймаға жинайды Тырнасы тізілген Ұнатам күзді мен! Деп келесі кезекте оқушылардың қолдан жасап келген
  2. назар аударып бағасын берейік.

Алтын күздің кереметтері

Жүргізуші:

Өнеріне халқымның бас иемін,

Тыңдап өткен бабалар өсиетін

Мен-қазақтың баласы өнер сүйген,

Қадірлеген елінің қасиетін!-дей отырып,балалардың өнерін тамашалайық.

Хасен Еркештің орындауында Алтын күз әні.

Балалар біз жұмбақ шешуді ұнатамыз ба?

-Иә,ұнатамыз.

Бітік өсті....(..қауын)

 

Еті-қызыл,сүті-тәтті. (қарбыз)

 

Одан дәмді жоқтай.( алма)

 

Жүргізуші: Мектеп орынбасарына сөз кезегі беріліп қорытындыланады.

 

 

Әділқазы алқалары сайыстарды бағалау үстінде

Әділқазы мүшелері :

Бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің орынбасары: Касанова Райгул Айтөреевна,

Жоғары сыныптар бойынша оқу ісінің орынбасары: Капасова Сандуғаш Елтаевна,

Тәрбие жұмысы бойынша орынбасары: Акасова Гульнар Жумабековна.

Бастауыш сыныптар арасында өткен «Алтын күз сайысының» нәтижесінде мынадай қорытынды шықты.

1-сыныптар арасында 1-орынға 1 «А»

2-орынға 1 «Б»

3-орынға 1 «В»

сыныптары ие болды.

2- сыныптар арасында

1-орынға 2 «В»

2-орынға 2 «Б»

3-орынға 2 «А»

3-сыныптар арасында

1-орынға 3 «А»

2-орынға 3 «В» ие болды.

Сонымен бірге оқушылар әртүрлі номинациялармен де марапатталды.

Алтын күз сайысын тамашалағандарыңызға көп рахмет.

Тәрбие сағатының тақырыбы:   Желбіре Отанымның Жеңіс туы.    

Тәрбие сағаттың мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отан соғысының болу себептерін, сол кездердегі туған қиындықтар, соғыста Отан үшін аянбай еңбек еткен батырлар жөнінде түсінік беру және соғыстың аяқталғанына 65 жыл болса да еліміздің батырлары мен қаһарман халық қайраткерлері жас ұрпақтардың есінде мәңгі сақталып, отаны үшін жанын беруге даяр елінің патриот азаматы болып өсуге тәрбиелеу.

Тәрбие сағаттың өтілу әдістері:Көрсету ,түсіндіру, әңгімелеу.

Тәрбие сағаттың көрнекіліктері: Батырлардың суреттері, нақыл сөз, мақал-мәтелдер, ырымдар мен тыйым сөздер жазылған альбомдар, төрт түлік туралы әдеби кітаптар.

Тәрбие сағаттың барысы:

1-оқушы: 1941 жылғы 22 маусым күні таңғы сағат 4-те фашистік Германия тұтқиылдан Совет Одағына соғыс ашты.

Қара жазумен жазылған «Соғыс» сөзін екі оқушы қайталайды. Ұлы Отан соғысы басталды.

2-оқушы: Соғыстың алғашқы күндерінен-ақ Совет халқы жан-тәнімен өз Отанын қорғауға аттанды. Әрбір село, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды.

3-оқушы: Отаным еркелеймін өзге кімге?

                        Өзіңмен нені болса көрем бірге.

                        Қалайша қабырғама батпас менің

Басыңа қатер бұлты төнген күнде

 

4-оқушы: Ленинград. Жау алғашқы күннен –ақ Советтік Отаннның есептелетін ең негізгі қалалларға шүйілді. Соның бірі октябрдің таңын атқызған тарихи көркем қала Балтық теңізінің қақпасы Ленинград еді.

 

5-оқушы:   Есіңде ме туған қалам.

                                    Сен деп неше жан қиылды

Тас қорған боп мың сан адам,

Қорғағаны әр үйіңді

Жау еңсесін жаншып төмен

Қуған оны жатыр ізі

Есіңде ме Мәншүк деген,

Қазақтың жас батыр қызы.

 

6-оқушы: Ленинград жау қоршауында қалды. Қала халқы 900 тәулік бойы соғысты. Ержүрек Ленинградтықтар өз қаласын жаудан қоршап қалды. 1944-жылы қаңтарда Ленинград жаудан жаудан азат етілді.

7-оқушы: Шаттансаң қыз тудым деп қазақ шаттан.

                        Әлия Отанына болған мақтан.

                        Беконица маңында тұлғасы тұр

Дегендей «ерлікке аттан, еңбекке аттан»

Бұл жермен сонау заман Пушкин өткен

Желдіртіп қоңыраушы атын жеккен

Сол жерді жаудан сақтап қаламын деп

Қазақтың Әлия қызы қанын төккен.

 

 

8-оқушы: Брест отанымыздыңтарихында өшпесерлікпен соғысқанбатыр қалалар есімі мәңгі сақталды. Соның бірі - Брест қамалы. Жауынгерлер оны ақтық қаны қалғанша қорғады.

Даналардан шыққан асыл сөздер.

Ердің туы-намыс.

Бауыржан Момышұлы

Әрбір ер жүрек, әрбір шыншыл адам өз

Отанына абырой әкеледі. Р.Роллан

Отаншылдық - ең негізгі сезім.

Л.Н. Толстой.

Ең зор ізгі ерліктерді Отанға деген сүйіспеншілік туғызған.Ж.. Ж.. Руссо.

«Алтын анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ»,-деп ер қайратыңа мін-дағы, өрге бас.

М.Әуезов.

Ежелден ел тілегі-ер тілегі,

Адал ұл ер боп туса, -ел тірегі. Б.Момышұлы.

Отан туралы мақал-мәтелдер

  • Отанды сүю-отбасынан басталады.

  

  • Отан оттан да ыстық.

 

  • Отансыз адам –

Ормансыз бұлбұл.

 

  • Ер-елінде,

Гүл-жерінде.

 

  • Отанға опасыздық еткенің,

Өз түбіңе жеткенің.

 

  • Ел-елдің бәрі жақсы,

Өз елің бәрінен де жақсы.

 

  • Отан үшін күрес-

Ерге тиген үлес.

Орағың өткір болса,

Қарың талмайды

                       О, аналар туралы баллада.

9-оқушы: Москва. Неміс фашист армиясының ең түпкі мақсаты Москваны басып алу еді. 1941 жылдың күзінде жау Москваға шабуыл жасады. Отанымыздың жүрегін бүкіл ел боп қорғады.

10-оқушы: Зұлым жаудың ниеті

                   Москваны құлатпақ

                   Кремльді күп етіп

                   Асыл тасын уатпақ

11-оқушы: Қазақстаннан құралған гвардиялық атқыштар дивизиясы жауынгерлерінің ерлігі Ұлы Отан соғысының тарихына алтын әріппен жазылды.

 

12-оқушы: Осы дивизияның 29 жауынгері 50 танкке төтеп берді. Саяси жетекшісі В.Г. Ключков: «Россия кең байтақ, бірақ шегінетін жор жоқ, артымызда –Москва,»-деді. Олар қаһарын жаудыүнсіз тосып алды, арыстандай алысып, ақырғы демі біткенше жауды қаусыратты. Жаудың қара темірінен батырлардың табандылығы асып түсті.

 

 

13-оқушы: Тастар көкке атылды

                   Орман шулап, тастар құлап

                   Жиырма сегіз батырды

                   Жеңе алмады жау бірақ

                   Жау жеңілді ақыры

                   Атты бейбіт таң күліп

                   Жиырма сегіз батырын

                   Ұмытпайды ел мәңгілік

 

14-оқушы: Фашистер Советтік Украинаның астанасы Киевті басып алуды көздеді.

Гитлер Киев бағытына ең таңдаулы 14 дивизиясын жөнелтті. Қызыл Армия Киевті қорғауға шықты.

 

15-оқушы: Волгоград. Фашистер қала қорғанысын бұзып кіргенімен, Совет әскерлері жан қиярлықпен соғысты. Жауынгерлеріміз әр қадам жер үшін, әр көше үшін, әр үй үшін жанын оққа байлады. Оқ қарша болды. Қирамаған үй қалған жоқ. Мұнда да фашистер күйрей жеңіліп, кейін шегінді, 1 мил. 500 мың солдатынан айырылды.

 

16-оқушы: Зұлым жау Қара Теңіздегі портты қала- Одессаны басып алуға ұмтылды. Елін қорғаған ерлер Одесса үшін 73 күн белуардан от кешті. Жаудың 160 мың солдаты өліп, жүздегін танкісі қирады. Одесса аспан да 200 жау сомолеті атып түсірілді.

 

 

17-оқушы: Фашистердің еңдігі ұмтылғы Севостополь болды. Совет адамдары жау оғының астында жүріп, атыс ұясын белгілеп, жолдарын миналады. Севостополь түбінде жау 700 мың адамын жоғалтты.

 

18-оқушы: Совет жауынгерлері қалалар мен деревняларды жанқиярлықпен қорғады. Фашистерді жержостандырған батыр қала Москва, Ленинград, Киев, Одесса, Волгоград, Минск, Севостополь, Тула қаһарман қамал Брест Новороссииск. Керчын Ленин ордені мен Алтын жұлдыз тапсырылды.

 

 

19-оқушы: Әрқашан әділдік жеңеді Опасыздықпен шабуыл жасаған фашистер 1945 жылы 9 майда Берлинде тізе бүкті. Соғыс бітті. Ауыр жылдар артта қалды. Жер бетінде бейбітшіліктің негізі қаланды.

Ердің туы-намыс.

Ежелден ел тілегі-ер тілегі,

Адал ұл ер боп туса, -ел тірегі.

Ерлік-елдік қажетің,

Жүректілік-жігіттің қасиеті.

Өз қадірін білмеген-ер қадірін білмейді,

Ер қадірін білмеген-ел қадірін білмейді

 

 

 

 

20-оқушы: Совет армиясы Москвадан Берлинге дейін данқты жолдан өтті. Гитлешілдер күйрей жеңілді. Фашизмнің орталығы Рейхстагқа батыр ағамыз Рақымжан Қошқарбаев алғашқылардың бірі болып ту тікті.

 

21-оқушы: Жеңістің құны- қираған жамбас

                   Жеңістің құны- қураған мың бас.    

                   Жеңістің құны- кесілген білек

                   Жеңістің құны- тесілген жүрек

         Хор Отаным.

 

22-оқушы: Жеңіс!

                                 Жеңіс келді қалама

                                 Жеңіс келді далама

                                 Жеңіс келді әке боп

                                 Елдегі бар балаға

                                 Жеңіс келді ән болып

                                 Келді ауылға сән көрік

                                 Жеңіс келді алақай,

                                 Тоя жейтін нан болып.

 

23- оқушы: Сүйінші

                                 Арылтып жаудан жерімді

                                 Табанға жоншып елімді

                                 Жеңіспен желжіп өмірді

                                 Оралды ерлер көңілді

                                 Десеңдер, бұл қай күн?

                                        Тоғызыншы май күн!

                                    

                                     Көгершіндер әні.

 

24-оқушы: Сүйінші, халқым сүйінші

                   Сүйіншіге сүйінші

                   Шаттан, ата- анамыз

                   Шаттан, аға- бабамыз

                   Кек қайтарып фашистен,

                     Соғыс бітті жеңіспен.

 

                                     Хор Менің Қазақстаным

   Міне, балалар, осындай даңқты жолдармен жүріп өткен аға ұрпақ ісін жалғастырушы сендерсіндер. Ертең сендер де Отан сақшысы – солдат боласындар. Отан сендерден қандай істі талап етсе, бәріне дайын, елін халқын сүйген патриот болуға тиіссіңдер.

 

 

Тәрбие сағатының тақырыбы:     Төрт түлікті құрметтейік.

 

Тәрбие сағаттың мақсаты:                      Білімділік.

Төрт түлік малдың өрісімен,тіршілік табиғатымен,қадыр- қасиетімен таныстыру,олардың төлдерінің атын, шақырылуын,дыбысталуларын,жалпы төрт түліктің пірлерінің атын білу.

 

Дамытушылық.

Төрт түлік туралы білімдерін кеңейту,көркем шығармалар арқылы жүйелі ойлау әрекетін,ой белсенділігін арттыру.

 

Тәрбиелік:Көркем шығармаларды айтқызу арқылы еңбек сүйгіштікке, бірлікке,ізгілікке,әдепті болуға тәрбиелеу.

 

Тәрбие сағаттың өтілу әдістері:  Көрсету ,түсіндіру,(жұмбақтар,жаңылтпаштар)

 

Тәрбие сағаттың көрнекіліктері:            Төрт түліктің суреттері,нақыл сөз,мақал-мәтелдер,ырымдар мен тыйым сөздер жазылған альбомдар, төрт түлік туралы әдеби кітаптар,қоржындағы жұмбақтар мен ойындар.

                

Өтілу барысы:

 

Мұғалім: Бұрынғы кезде ата-бабаларымыз мал атаулының қадыр-қасиетін жетік біліп, сахараны төрт түлікке толтырған. Мал өсіруге аса қолайлы Қазақстан жерін малсыз елестетуіміз мүмкін емес.Малды сою,бағу,күту,кең даланы малға толтыру мына сендердің міндеттерің.

       Ендеше, балалар төрт түлікті барлығымыз да білеміз. Оларға: түйе,қой,

сиыр,жылқы жатады.

       Төрт түлікті үнемі пайдаланамыз,сойып етін жейміз,жүнінен қыстық байпақ,қолғап,шарф,бас киімдерін тоқимыз.Терісін сатып ақша қыламыз,өзін мініп көлік қыламыз.Ендеше,мына тұрған малдардың төлдерін атайықшы.

 

Балалар:Бота,бұзау,қозы,лақ,құлын.

 

Мұғалім:Енді төлдерге байланысты білетін тақпақтарымызды айтайық.  

 

 

1-оқушы:Бөө -бөө деген әні бар,

Жібек жүні сәні бар.

Ботақаным,момақан,

Сүйікті бір жануар-жануар.

 

 

2- оқушы: Мәә -мәә деген әні бар,

Жібек тоны сәні бар.

Қошақаным момақан,

Сүйікті бір, жануар.

3- оқушы: Күмбірлеген әні бар,

Желкілдеген жолы бар,

Желкілдейді жүйрігім,

Желмен шапқан жануар.

 

 

4- оқушы: Мөө- мөө деген әні бар,

Байқамасаң жамырар.

Бұзауқаным момақан.

Үй маңынан табылар.

 

 

Мұғалім: Енді балалар, төлдердің дыбысталуын айтайық.Қай төл қалай шақырылады соны білейік.

 

1-      оқушы: Бұзау мөңірейді,оны әукім-әукім деп шақырады.

2-      Лақ- қозы маңырайды, лақты пұшайт-пұшайт деп,ал қозыны шөре-шөре деп шақырамыз.

3-      оқушы: Құлын кісінейді, құлынды құрау-құрау деп шақырам :Бота боздайды,оны көс-көс деп шақырамыз.

4-      оқушы :Бота боздайды,оны көс-көс деп шақырамыз.

 

Мұғалім: Малдардың төлдерін аймалып жақсы көру,еркелетуі болады екен.Сендерді де ана,әжелерің жақсы көріп,еркелеткенде ботам,құлыным деп жатады.Ал малдар да өз төлдерін солай еркелетеді екен.

 

 

1-      оқушы:   Қой сүйеді баласын –   «қоңырым»   деп,

                     Ештеңені білмейтін –   «момыным» деп.

                     Сиыр сүйеді баласын – « торпағым» деп ,

                     Қараңғыға баспаған - «қорқағым» деп.

                     Ешкі сүйеді баласын – «лағым» деп,

                     Тастан-тасқа секірген –«шұнағым» деп.

                     Жылқы сүйеді баласын –«құлыным» деп,

                    Тұлпар болып жүгірген –жұрыным» деп.

 

Өлең: «Мал баққанда»

 

2-      оқушы: Ешкі бақтым,еңіреп бақтым,

                   Қой бақтым,қоңырау тақтым.

                   Сиыр бақтым,сидаң қақтым,

                   Жылқы бақтым,жорғалаттым.

                   Түйе бақтым, түйме тақтым,

                   Лақ бақтым,жылап бақтым.

 

Ойын: «Мал туралы санамақ»

 

Мұғалім: Төрт түліктің пайдасы да орасан зор.

Енді сол түліктердің пайдасы жайлы кім айтады?

 

3- оқушы: Түйе             - байлық,

                     Жылқы       -сәндік,

                     Қой               -мырзалық,

                     Сиыр           -ақтық,

                     Ешкі             -жеңілдік.

 

Ешкі мен қойдың айтысын екі оқушы орындайды.

 

Ән: «Төлдер»

 

Мұғалім: Келесі кезекті төрт түлік туралы жұмбақтарға берсек. Кім көп жұмбақ білер екен?

 

1-      оқушы: Киелі бір жануар,

                   Үстінде екі тауы бар. (Түие)

2-      оқушы:Кішкентай ғана бойы бар,

                   Айналдырып киген тоны бар. (Қой)

3-      оқушы:Көкке шаншып құйрығын,

                  Шауып келді жүйрігім.     (Құлын)

4-      оқушы:Екі найзасы бар,

         Екі айнасы бар.

         Төрт шылдырмағы бар,

         Бір сыпыртқысы бар.         (Сиыр)

 

«Бұл үйде не тұрады?» ойынның шарттарымен таныстыру.Қалташаға үй жануарларын салып араластырып білу.Ырым-тыйым сөздерімен та ныстыру.Есте ұстауларына көңіл бөлу.

 

Ырымдар мен тыйымдар айту

«Ақты төкпе», «Түнде малды санама», «Малды теппе» т.б

Бір оқушы малға арналған батаны айтады.

 

 

5-      оқушы: Әуелі құдай оңдасын,

                   Қыдыр болсын жолдасың.

                   Көңілді өтсін өмірлерің,

                   Қабақтарың ашық боп,

                   Табаққа толсын астарың.

                   Байлықтың көзі қарағым.

                   Төрт түлік бассын қораңды.

Қорытынды:

 

Төрт түліктің пірлеріне сөз беру.Зеңгі бабаға сөз беру.

     «Төрт түлігім бірлігімнің ырысы», «Малды баға біл, бабын таба біл», «Мал баққанда бітеді» - дейді қазақта. Бет алыстарың жақсы екен, барлығымыз,

Ризамыз,рахмет!

 

Тәрбие сағатының тақырыбы:     Қош келдің қазағымның Наурыз тойы.

Тәрбие сағаттың мақсаты: оқушыларға қазақ халқының тұрмыс тіршілігіне, әдет ғұрпында ерекше орын алған –Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің ерекшелігін, табиғат пен адамның байланысын, қазақша жаңа жылдың келу салтанатын, бұл мейрамда әрбір адам бұрынғы реніш, өкпе наразылары болса бәрін кешіруге, салт-дәстүрімізді естен шығармай қайта жаңғыртуға, оқушыларды қазақтың ұлы мен қыздарына тән қасиеттерге тәрбиелеу.

Тәрбие сағаттың өтілу әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Тәрбие сағаттың көрнекіліктері: суреттер, ұлттық бұйымдар, наурызға байланысты слайдттар.

Тәрбие сағаттың барысы:

ДАУЛЕТ:

Ел-дәстүрі арымыз

Той бастығы- кәріміз

Қыдыр баба той бастар,

Ал тыңдайық бәріміз.

 

ГАУХАР: Күн

Сәлем ата-аналар,

Айналайын балалар.

Қызыр баба аман ба?

Қудым жерден суықты,

Қырдан салқын бу ақты.

Құтты болсын мерекең,

Наурыз айы туыпты.

Әне наурыз келеді,

Әсемденер жер енді.

 

ЕРДАР: Қыдыр баба

Ау, аман ба, жарандар,

Алтын таңға қарандар.

Ерте жайнап атты таң,

Естіліп тұр шаттық ән.

Күннің жаңа нұры бар,

Мұның ғажап сыры бар.

Халық сүйген мейрам бұл,

Қарсы алайық тұрындар.

АРУЖАН: Наурыз

Сәлем анам-алтын Күз,

Сәлем қарты халқымның.

Уақытынша риза боп,

Бақытыма шалқыдым.

Ашық болса күніміз,

Ашылады нұрымыз.

Бай тұлғалы өңірде,

Айтылады жырымыз.

АЛІБЕК:

Жаңғырар дәстүр- салтымның,

Көзделсін бұлақ жалғасы.

Қастерлі менің халқымның

Мереке Наурыз жыл басы. – деп наурыз тойына тұсауын кестіруге әкелген мына бүлдіршіннің тұсауын кесейік.

Айда мен Аружан.

Айда: Қане мына қызымыздың тұсауын кесу үшін мұнда аяғын жіппен байлап, қазыққа бекітіп қояйық.

Аружан:Бұл жіптен босатып алу үшін жүйрік деген 4 бала ортаға шықсын. Ат жарысында кім 1-ші болып мәреге жетсе сол баланы жібінен босатып, тұсауын кесуге жол ашып береді.

Айда: Ал ендеше жарыста жеңген ағамызөзі сияқты жүйрік болсын деп қызымыздың жібін шешіп тұсауын кесуге дайындап берсін.

Бала: Жарайды ендеше мен сияқты жүйрік бол қарындасым.

Аружан: арамыздан жасы үлкен үлгі болардай әжелеріміз немесе аналарымыздан 1-кісі ортаға шығып қызымның тұсауын кесіп берсе жақсы болар еді.

Әже: тұсау кеседі.

Аружан мен Айда:

Қаз, қаз балам, қаз балам

Қадам бассаң мәз болам

Қаз қаз балам, қаз балам

Тақымыңды жаз балам

Күрмеуінді шешейік

Тұсауыңды кесейік

Қадамына қарайық

Басқаныңды санайық.

 

МАДИНА:

Келіңдер наурыз тойға бәрің бүгін,

Аямас өнерпаздар ән мен жырын.

Тойлайық халық тойы Наурызымның

Шуағын, жерге төккен бақыт күнін.

Деп Мадина айтқандай енді қыздарымыздың биін тамашалайық.

 

ИСЛАМ:

Амансыздар ма?

Ұлыс оң болсын.

Ақ мол болсын,

Қайда барсаң жол болсын!

ӘДІЛ М.:

Ашық болсын қас қабақ,

Тас пен атқанды аспен ат.

Бейтаныс та, таныс та

Бүгін төрдебас қонақ.

 

ӘДІЛ А.:

Наурызым әкелсін деп береке, ырыс,

Дәніме толып тұрсын барлық ыдыс.

Жаңадан келген мына жаңа жылды

Ақ құйып қарсы алған өте дұрыс.

Мұғалім: сонымен балалар наурызда қандай ұлттық тағамдар дастарханға қойылады екен?

Наурыз көженің құрамы неден тұрады?

Оқушылар жауап береді.

 

НҰРТІЛЕУ:

Келе жатыр жылымыз,

Мейрамдаймыз мұны біз.

Жас балаша қуанып,

Жадырайды күніміз.

 

 

АЙДА:

Уа, халайық! Бүгін Ұлыстың ұлы күні.

Яғни, ақ түйенің қарны жарылған күн-Наурыз мейрамы. Өнерлі өрендеріміздің өнерін тамашалайық.

Мен қазақпын әуеніне ұлдар би билейді.

 

КЕНЕСАРЫ:

Тыныш болсын даламыз,

Таза болсын ауамыз.

Қатыгездік жоқ болсын,

Ырысымыз көп болсын

 

Тәрбие сағатын қорытындылау.

Мұғалім: деп шағын салтанатты ертеңгілігімізді аяқтауға рұхсат етіңіздер және балаларымыздың наурызға жайылған дастарханға шақырамыз.

 

 

 

 

Тақырыбы: «Көңілді эстафета»

Сабақтың мақсаты: оқушыларға дене тәрбиесімен үнемі айналысуға, шыдамдылыққа, жылдамдыққа, қоршаған ортада өзін ұтай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі:спорттық құрал жабдықтар, шарлар, ұранды сөздер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды сапқа тұрғызу. Сайыскерлер мен жанкүйерлерді бөліп алу және орындарын белгілеу.

  1. бүгінгі сыныптан тыс сабақта біз екі топ болып жарысамыз. Олар:2 «Б,В» сыныптары. Яғни екі топтан да 10 оқушыдан қатысады. Сыныптан тыс сабағымыздың мақсаты сайыскерлеріміз бен жакүйерлерімізге жауапкершілікті жүктей отырып, өзін қоршаған ортада ұстай білуін, дене тәрбиесін әрі қарай шыңдау және жеңіске де, жеңіліске де шыдай білуге, белсене араласуға дене тәрбиесінің адам денсаулығына қажет екндігін боларына қалыптастыру. Бүгінгі ашық сынптан тыс сабақтың жоспары мынадай:

Жоспары:

 

 

Қорытынды.

Мұғалім: Әділдікпен баға берер жарысқа,

                        Әділдікпен қара қылды жаруға,

                        Әділқазы алқаларын сайлайық.

                        Жеңімпазды анықтауға сайыста.

Әділқазылар алқасы таныстырылады.

Әрбір топ өз тобының атын, ұранын, қарсы топқа сәлемін жеткізеді.

І. «Қапқа түсіп жүгіру» сайысы.

Оқушылар қапты аяқтарына киіп алып мәреге жетіп, қайта келіп, келесі оқушыға беруі тиіс.

ІІ. «Спорттық жұмбақтар шешу» сайысы.

  1. Тауға шықса талмайды,

Аузына нәр алмайды.             (шаңғы)

  1. (шаңғы)

Тұра алмайды шошаңдап,

Сіңірлерін созады,

Алма кезек озады.

Қаны жоқ,

Жаны жоқ

Жер жарады дауысы.   (Ысқырық).

ІІІ. «Жіп астымен өтіп көр» сайысы.

Оқушылар жіптің асытмен денесін тигізбей өтуі керек.

 

ІV. «Әтештер соғысы» сайысы

VІ. «Жұмыртқамен жүгіру» сайысы.

VІІ. «Доп ұстаған математиктер» сайысы

Қорытынды.

Әділқазылар алқасы жарыстың жеңімпазын анықтап бағалайды.

Тәрбие сағатының тақырыбы:     Біз құқығымызды                                                                                                                    қорғаймыз.

Тәрбие сағаттың мақсаты:          1. БілімділікОқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолынсын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету, алдына мақсат қоя білуге баулу.

  1. қОқушылардың ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау, сөздік қорларын молайту.
  2. Оқушыларды Конституцияны т.б. құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке , елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

 

Тәрбие сағаттың өтілу әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Тәрбие сағаттың көрнекіліктері: суреттер, кітаптар.

Тәрбие сағаттың барысы:

 

 

Сайыс жоспары:

Тақырып

А) Жастарды қылмысқа итермелейтін не?

Б) Жастар арасында қылмысқа жол бермеу үшін не істеу керек?

 

 

1-топ. «Әділет» тобы.

Топтың аты: Әділет

Топтың ұстанымы:     Әділ болу -әр адамның парызы

                                               Мұны біледі жасы менен кәрісі.

                                               Әділетті болғаның қандай жақсы,

                                               Анықталып тіршіліктің ақ пен қарасы.

2-топ «Ақиқат» тобы

Топтың аты: Ақиқат

Топтың ұстанымы:     Ақиқаттан қаша алмаймыз ешқашан,

                                               Ақиқат ашылады әрқашан.

                                               Ақиқатсыз өмір жоқ біз білетін,

Ол емес өмірде өзгеретін.

  1. .

 

1-топ. «Әділет» тобының сұрақтары:

 

2-топ. «Ақиқат» тобының сұрақтары:

 

  1. ( Берілген сұраққа әр топ өз тұжырымдарын білдіру керек.)

Тақырыптар:

А) Жастарды қылмысқа итермелейтін не?

Б) Жастар арасында қылмысқа жол бермеу үшін не істеу керек?

 

1-топ. «Әділет» тобының сұрақтары:

Тәрбиелі- тәртіптің құлы,

Тәртіпті –елдің ұлы.                   Б. Момышұлы

                                                                                                         

Әділ адамның адамгершілік қасиеттері заңды жоқтатпайды.       Менандр

Заң адамды бағындырады.             Т.Фуллер.

 

2-топ. «Ақиқат» тобының сұрақтары:

 

Жақсы тәртіп әдетке айналса –ырыс,

Жаман тәртіп әдетке айналса –қырсық.           Ғабиден Мұстафин.

 

     Әдепсіз бала…………(сорлы бала)

 

Халық заңды өзінің тірегі,

Өзін күзететін қабырға дуал ретінде қорғауға тиіс.     Гераклит

 

 

Заң- адамдардың тәжірибесін қоғам игілігіне

пайдаланатын адамзат даналығының

ең жоғарғы көрінісі болып табылады.         С.Джонсон

                                          

 

                                  

1-топ. «Әділет» тобының тапсырмасы

Ойлан артығы бар ма? Тапсаң сызып таста

Оқушы неге құқылы?

Білім алуға, емделуге, демалуға, ұрлық жасауға, қоршаған ортаны ластауға, өз сыныптастарына кедергі жасауға.

 

2-топ. «Ақиқат» тобының тапсырмасы.

Ойлан артығы бар ма? Тапсаң сызып таста

Оқушы неге міндетті?

Білім алуға, ата-анасын тыңдауға, басылымдарға жазылуға, оқулықтарын таза ұстауға, мектеп тәртібін сақтауға, үй тұрғызуға.

 

Тәрбие сағатты қорытындылау.

Сұрақ-жауап арқылы және сайыс жеңімпазын анықтау.

 

 

Тақырыбы: Құлақтан кіріп бойды алар

                     Жақсы ән мен тәтті күй

 

Сабақтың мақсаты: оқушыларға ән мен күйдің құдіретін меңгерте отырып,шығармашылық қабілеттерін дамыту,өнерді сүйуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі:Ән жайында даналық ойлар жазылған плакаттар.

Сабақтың барысы:

                                   Жоспары:

 

Мұғалім: Құлақтан кіріп бойды алар

                 Жақсы ән мен тәтті күй.

                 Көңілге түрлі ой салар,

                   Әнді сүйсең менше сүй     -деп ұлы Абай ән мен күйдің құдіретін осылай жеткізген.

Ән мен күй – табиғат сұлулығын,адамның жан тебіренісінің сыртқы сұлулық пен жарасымдылықты асқақ сезіммен суреттеп бере алатын өнер.

Ән мен күй адамның ішкі сезім дүниесін,оның жеке басының көңіл-күйін,қуанышы мен аңсаған арманын,тіршілік дүниесін,қоршаған табиғат суретін нәзік тіл, көркем үнмен баяндайды.

Ал,біз сөз етіп отырған халық күйлері мен әндерінің тарихы жайлы не айтар едіңдер?

Оқушылардың жауабы.

 

1-ші оқушы. «Адай» күйінің тарихы жайлы.

 

Мұғалім:Күйдің тарихы жайлы біраз нәрсе біледі екенсіңдер.Ал қане , сол Ұлытау тобының шығармашылығынан күй шертетін адам бар ма?

«Күй» орындайтын :Шалбеков Ержан.

Мұғалім: Міне балалар,тіл жеткізе алмайтын оқиғаларды күй жеткізетін әсерді жеткіздіңдер.

       Қазақ халқының әріден келе жатқан өзіндік ойын сауығы,дәстүрі,ғұрпы,салты бар.Бұлар бір күннің,не бір жылдың ғана нәтижесі емес,талай ғасыр жемісі.Қай елде болсын өмірінің осы айтылған әр бунағына сәйкес халықтың әр түрлі салты,ғұрпы,әр елдің өзіне тән дәстүрі бар.Басқа халықтарда бұлар ән,би,өлең,тақпақ тағы басқа өнер арқылы көрінсе,қазақта әдет-ғұрып,салт көбіне ән, өлең жыр арқылы бейнеленеді.

Қазақ елінің тұрмысында шілдеханадан бастап ойын,тойдың бәрі де ән,өлеңмен өтеді.Адам өлгенде де ұзақ өлең –жырмен жоқтау айтады.

               Туғанда дүние есігін ашады өлең,

               Өлеңмен жер қойнына кірер денең.

               Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,

               Ойласаңшы,бос қақпай елең-селең,       -дегендей,біз туғаннан дүниеге әнмен келіп,дүниеден кеткенде де әнмен аттанады екнбіз.

Олай болса,әдет-ғұрыпқа байланысты өлең-жырлар туралы не айтар едіңдер?

1-ші топ оқушыларының жауабы:                   Салт жырларының бір түрі шілдехана өлеңдері. Негізгі мазмұны – дүниеге келген жаңа адамды құттықтау.Оның бақытты болуына,ер жетіп елге керекті азамат болуына тілектестік білдіру.Шілдеханада кейде айтысып қалушылық та болады.Әсіресе оның салтқа айналған бір жағы –түн күзету.

Жаңа туылған нәресте мен ананы алғашқы түні арбар шілделік тәрізді рақымсыз жаманат иелерінен ән, өлең құдіреті арқылы қорғап қалмақ болады.

2-ші топ оқушыларының жауабы:

Салт жырларының бір түрі –тойбастар.Бұл өлең той кезінде жырланады. «Той тондініке,

                                             Ас аттынікі»

-деген мәтел тойдың әлеуметтік орнын көрсетеді.

Тойға барсаң тойып бар,жұмысыңды қойып бар» деген мәтел де осыдан шыққан болуы тиіс.Сол қызықтың беташары- тойбастар жыры.Той бастар жырының түрлері көп.Ол кез келген қуанышқа айтыла береді.Тойбастар жырының көбісі ақ бата берумен,жақсы тілекпен аяқталады

1-ші топ оқушыларының жауабы:Жар-жар -қазақтың үйлену салтынан туған айтыс өлең.Ол қыздың ұзатылу тойы үстінде айтылады.Бұрын жар-жар ел жұртынан, ата-анасынан,туған-туысынан айрылып,жат-жұртқа ұзатылып бара жатқан қыздың мұң- зары,қайғы- қасіреті түрінде,сол жерге толы қыздарды жұбату түрінде келеді.Қыз үшін ертеңгі өмір –жұмбақ,ата-ана әлпештеуіндегі қызға соның бәрі үрейлі.

Сондықтан ол зар төгеді,ішкі сол зарын өлеңмен сыртқа шығарады.

Бұрынғы уақытта жар-жарды қыз тобы,жігіт тобы болып екіге бөлініп айтқан.

Қыздар тобы:ұзатылған қыз өмірінің мұңды жақтарын айтады. «Қанша жақсы болса да қайын атамыз жар-жар,айналайын әкемдей қайдан болсын жар –жар» деп зарланады.

Ұлдар тобы: «Әкем-ай деп жылама,байғұс қыздар жар-жар әке орнына қайын атаң онда болар жар-жар» деп қыздың ертеңгі өмірінің қызықты жақтарын бейнелейді.Екі жақ бір-біріне сөз айтысып,сөз жарыстырады.

Ал қазіргі уақытта жар-жар басқаша.Олай болатын себебі, қыздар ешқандай зорлықсыз өзінің жүрек қалауымен сүйген жігітіне қосылады.Қыздардың келін болып алғаш рет босаға аттағанда беташардың алдында айтылатын жар- жардың өзгеше екенін назарларыңызға ұсынайық.

Домбыраның үнімен:

Осы өмірге лайық отты жағып жар-жар,

Келеді әне,екі жас топты жарып жар-жар.

Үлкені мен ауылдың жасы мұнда жар-жар,

Жас келінді көруге асығуда жар-жар.

Бір аттаған босаға берік болсын жар-жар,

Үйлеріңе құт-бақыт келіп қонсын жар-жар.

Күндей күліп көктемгі көңілдерің жар-жар,

Қызғалдақтай құлпырсын өмірлерің жар-жар.

 

2-ші топ оқушыларының жауабы:Әріден келе жатқан салт жырларының бірі –сыңсу.Бұл жыр той бітіп,қыз ұзатар кезде айтылады,сондықтан ол ел-жұртымен қоштасады.Ұзатылатын қыз өз ауылының әр адамына жылап көріседі.Өз басындағы мұңын,жат жұртқа баруға риза еместігін,малға сатылып еріксіз кетіп бара жатқанын,қам көңілдігін айтады.Сонымен қатар туған ел,өскен орта,көз көрген құрбы –құрдас,аға-іні,әкпе-сіңілі,әке-шеше бәрінің деқадірі тап осы арада байқалғандай болады да:

                 Есіктің алды сауырдан,

                 Ат жүрмейді сыбырдан,

                 Қыздай мұңды бар ма екен,

                 Тірі айырылған бауырдан!

Қазіргі уақытта қоштасу бұндай зарлы болмайды

өйткені қыздар өз еркімен қалаған жігітіне тұрмысқа шығады.

 

Мұғалім:Иә,балалар дұрыс айттыңдар.

Қазіргі уақытта мұндай зарлы сыңсу жоқ.Тек қыздарына деген қимастық сезімдерін білдіретін әндер кездеседі.

 

Мұғалім:Әнмен өрнектелетін тағы да қандай әдет-ғұрыптарымызға байланысты жырларды білесіңдер?

1-ші топ оқушылардың жауабы:Беташар –жаңа түскен келінге айтылатын жыр.Қазақтың ескі заманынан бүгінге дейінгі келе жатқан дәстүрлеріміздің бірі-жаңа түскен келіншектің бетін ешкімге көрсетпей жауып әкелу.Келіншектің бетін өне бойы бүркеп қоюға болмайды.Сондықтан бетін ашу керек.Бұған ерекше мен беріп,келіншектің бетін шаршы топта ақындар өлеңмен ашады.

         Айт,келін –ау,айт келін,

         Атыңның басын тарт келін,

           Ел жұртыңа жақ келін.

           Қайын ағаңның алдында

           Қақандама келіншек.

           Қанттың аузы бос тұр деп,

           Құрт ұрлама келіншек.

           Аузы-мұрның сүйреңдеп,

            Өсек айтпа келіншек, -деп жаңа түскен келінді әдептілігімен,қызметімен ауыл-аймаққа,

ата –анаға жағып,өсек -өтіріктен аулақ бол дегенді айтады.Тойбастар,жар-жар сияқты беташардың да мазмұны жаңарды.

2-ші топ оқушыларының жауабы:Данышпан ақын Абайдың «Өлеңмен жер қойнына кірер денең» дегендегі меңзеп отырғаны –жоқтау жыры.Қазақ елінде өлген адамды жоқтап,өлең айту -әріден келе жатқан салт.Ата-анасы жалғызы,жары,батыры,қадірл

Сынып: 2 «В»

Өткізген:Бастауыш сынып мұғалімі Кожаналиева Айгул Оразалиевна

Тақырыбы:

Мейірім төккен ата-ана!

 

                       Жүрек жылылығы-жан жұбанышы, өмір қуанышы.

                                                                                   Халық даналығы

 

Мақсаты: «Қайырымдылық», «Мейріміділік» адамгершілік құнылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-          мейірімділік, қайырымдылық туралы түсініктерін кеңейту;

-          қамқорлық жасауға жұмылдыру;

-          мейірімділікке тәрбиелеу.

 

       Көрнекі құралдар: үнтаспа, слайдттар дәптер, оқулық.

Мен өзімді мақтан тұтамын.

Психологиялық тренинг.

Шаттық шеңбері

   Ата-аналар мұғаліммен бірге шеңбер құрып тұрады. Мұғалім сабақты мынадай кіріспе сөзбен бастайды.

-          Құрметті атаналар, қолдарыңды жүрек тұсына бір сәт қойып, дүрсілін тыңдап көріңдерші. Сендердің жүркетерің мейірімге, қайырымға, махаббатқа, жылы сезімге толы. Адам бойындағы бар жылу мен мйірім жүректен шығады. Енді осы жүректен алған жылуымызды түсіріп алмайтындай қимылмен бір-біріміздің қолымызды қысайық, осылайша жүрек жылуын бір-бірімізбен бөлісейік. Тілектер айту.

-           

 

 

Өзіңді тану өлеңін талдау.

Мейірімділік, татулық, қайырымдылық дегеніміз не? Әңгімелеу.

Мұғалім сабақтың тақырыбын таныстыра отырып, қайырымдылықтың мәнін кідіріспен әңімелеу арқылы түсіндіреді.

                                       Қайырымдылық

                                                                             Мағұм Сүндетов

     Монтиған құрбыларынан бойы бәкене Мұхтардың мектеп табалдырығын аттағанына көп болған жоқ. Әлі тіпті су жаңа киімдерінің қыры да кетіп үлгермеген, бәтеңкесіде қара, жыл-жылт етеді.

-          Айналайын,-дейді анасы күнде үйден шығарда- Байқап жүр. Үсті-басынды ластама. Жарай ма?

-          Мұхтар мақұлдап басына изейді. Міне ол қайтып келеді. Күн бұлыңғыр еді, сәлден соң жауын сіркірей түсті.Әп-сәтте әр жерде айнаның сынығындай қақ тұрып үлгерді. Әйтсе де, Мұхтардың көңілі жадыраңқы, ашық. Әлгінде мұғалима оны бүкіл сынып алдында тәртіпті, таза деп мақтаған. Ол үстіне қылау жұқтырмай, аяғын тақ-тақ басады.

               Алда үш-төрт баланың ұйлығып тұрғанын көріп, іркіле берді. «неге күледі? У-шу боп дурығады ғой. О несі-ей» деп, Мұхтар таңдана мойнын созып қойды. Аумақты қар суын қоршап алған, балалар соған тас атып, ду-ду күледі. Мұхтар елемей өтпек етіп еді, кенет қақтың ішінде жүзіп жүрген жұдырықтай күшікке көзі түсті. Тұмсығы қара, өзі- ақ күшік. «Мені мыналардан құтқарсайшы. Өлтірер болды ғой» дегендей аянышты қыңсылайды. Өліп-талып жағағ жетіп бауырын сүйрете бергені сол еді, балалардың бірі аяғының ұшымен итеріп, суға тісіріп жіберді. Өзгелерді қиқулап, жарыса тас атты. Тас тиген сайын күшік қаңқ етіп батып кетеді, сәлден соң су жұтып шашылып, қайтадан шығады. Әбден қалжырап, үрейі ұшқан күшік жан ұшырып жүр.

-          Балалардың әрекеттері туралы не айтасыңдар?

-          Мұхтар осы жағдайда не істейді деп ойлайсыңдар?

Балалардың жауаптары.

Мұғалім әңгімені әрі-қарай жалғастырады.

-             Мұхтар шыдамады. Араға кеп қойып кетті. Балалардың бірін иығымен қағап, бірін итеріп жіберіп, өлеусірей үні өше бастаған көтеріп алды. «Әй, өзіңе не керек ә?» - деп әкіреңдеген сотқар баладан ығыспады. Күшікті бауырына қыса түсті.

   Әлгі бала желкесінен түйіп қалып, шалшық суға жықсада, жыламады, күшікті тастамады.

   Күшікті құтқарғанына Мұқтар қуанышты. Су жаңа формасының балшық-балшық болғанын да елейтін емес. Үйге жетіп, еісктің қоңырауын қаққанда ғана киімінің ластығы есіне түсті. Қап-қара бәтеңкесі-кір-қожалақ. Киімдері – сатпақ-сатпақ. Сықыр етіп есік ашылды. Мұхтар абдырап, не істерін білмей қалды. Басын жерден көтерсе, апасы екен. Таңдана әрі тіксіне қарайды.

-          Мынауың не? – деді ол,

Әрі қарай ата-ана жалғастырады.

 

-          бірден ұрыспай, иегімен күшікті меңзеп.

-          Күшік...

Мұхтар бәрі неден, қалай басталғанын айтып берді.

Міне қызық. Апасының да жүзі жылып, мейірлене қарайды. Мұқтар қуанып кетті. Еңсесін басқан зілден арылғандай жеңілдік сезінді.

-          Киімдеріңді тазалармыз. Дәнеңе етпейді балам,-деді ол Мұхтардың басынан сипап.

-          Ең әуелі күшікті жуындырып, сүт берелік, жылынсын. Көремісің, ашыққан, әбден қажып, бұраоып жатыр.

-          Мақұл апа. әйтеуір сіз маған ренжімедіңіз бе?

-          Жоқ құлыным. Түсінес ғой.

-          Рас па?

-          Әрине әр кез солай қайырымды бол.

-          Апа, мен ылғи өстіп балшық-балшық болып келеді екен деп ойламаңыз.

-          Өйтпесіңе сенем жаным.

-          Сендер Мұхтардың орнында болғанда не істер едіңдер?

-          Мұхтардың жүрегі не үшін қуанышқа бөленді?

-          Апасы неліктен Мұхтарға риза болды?

-          Сендірдің қайырымды іс-әрекеттер жасаған кездерің болды ма? Сол жағдайда сендер өздеріңді қалай сезінесіңдер?

-          Ал сендерден қайырымдылық көрген адамдар немесе жан-жануарлар қандай сезімге бөленді?

-          Сендердің қайырымды іс-әрекеттерің туралы естіген адамдар қандай сезімде болды?Ата-аналардың жауаптары.

 

Ән айту. Балапаным әнін орындату. Сурет слайдтарын көрсету.

Дәйексөз

Мұғалім тақтаға «Жүрек жылылығы-жан жұбанышы, өмір қуанышы» халық даналығы, деп жазып қояды.

Тапсырма үлгілері:

Рахмет Анашым бейне баянының соңын жалғастыру.

Ойын-жаттығу. «Көмек»

Мұғалім мен ата-ананың ой пікірі: суретке сөздер жапсырмалау.

Тыныштық сәті

Баланың өзінің ішкі күйіне үңілуге, оның табиғатпен байланысын сезігуге мүмкіндік беретін тыныштық сәті төмендегідей ұйымдастырылады.

-          Ата-аналар, денелеріңізді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларына толғанын сезініңдер.

Психологиялық тренинг.

Жаңа ақпарат

Сыныпта ата-ана мен мұғалім, оқушы арасында тығыз ынтымақты байланыс бірлік болғанда   барлығы жарасымды, бақытты өмір сүреді.  

                  

 

 

    

 

Жүректен-жүрекке

Аққу биін тамашалау.

-          Оқушылар сабақ соңында өздерінің жүрек түкпіріндегі жылы сезімдерін жүрекшеге жазылған ашық хаттарын беру арқылы білдіреді.

-          Жүрегіңнен шыққан мейірімділік, қайырымдылық, жан ашырлық, жан жылуы алтын сөздеріңізді жүрекше шарларға жазып оқушыларға береді.

Мұғалім оқулықта қайырымдылық туралы берілген анықтаманы оқиды, мағынасын түсіндіреді. Қайырымдылық-жақсылық жасау. Оқушылар оң қолдарымен жүрек тұсын ұстап кезегімен мынадай сөйлемдер айтады:

-          Менің қайырымды жүрегіме рақмет.

-          Менің мейірімді жүрегіме рақмет.

-          Менің жылы жүрегіме рақмет.

-          Менің жүрегімнің адамдарды жақсы көргеніне рақмет.

-          Менің жүрегімді жақсы көру сезіміне рақмет.

-          Менің жүрегімнің қуана білетініне рақмет.

-          Менің жүрегімнің жанашырлығына рақмет.

 

Денсаулық – зор байлық Тәрбие сағаты мақсаты: 1. Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. 2. Қимыл әрекетке жаттықтыру, еңбек етуге, елін, жерін қорғауға қажетті күш-қуатын молайту. 3. Дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығын түсіндіру. Тазалық, жеке бас гигиенасын, мәдени дағдыларын қалыптастыру. Көрнекілік: нақыл сөздер, тірек таблицалар, көріністер. Тәрбие сағатының барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: «Сәлемдесу» 2. Үй тапсырмасы: Денсаулық оны сақтау, жекебас гигиенасын сақтау туралы ойларын ортаға салып айту, өлеңдер жаттау. а) Кел, балалар, Кел бері, Қыздырайық денені. Орнымыздан тұрайық, Жүгірейік бір уақ. ә) Ұшықтырмай ауруға, Ішін, сыртын тазала. Барлық тісің маржандай, Жарқырасын аузыңда. 3. Ой ашу: блиц-турнир сұрағы. а) Тіс тазартатын құралдар (щетка, паста) ә) Ол судан қорқады, одан кір қорқады. (сабын) б) Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ (дене тәрбие) в) Жалқаудың досы (еріншектік, ұйқы) г) Адам өміріне ең қажет (ауа, су, жылу, жарық, тамақ) ғ) тазалық кепілі (денсаулық) Денсаулық---- тамақ ----------------- күш ----------------- тазалық V. Топпен жұмыс а) 1. Топ 1. Денешынықтырудың маңызы қандай? 2. Спорттық ойынның қандай түрлерін білесіңдер? 3. Өзі тоймастың, көзі тоймас – дегенді қалай түсінесіңдер? 2. топ 1. Жеке бас тазалығы деген не? 2. Таза жүретін баланы қалай атайды? Оның достары не? (сабын, паста, сүлгі, су) 3. Тамақтың пайдасы мен зиянын айт. Мысал келтір: сыра - сүт, алма - кәмпит. ә) Денсаулықтың достары мен қастары. Топтастыру. Достары Қастары VI. Сергіту сәті «Денені шынықтыру» VII. Әңгіме оқу, талдау. - Ертеде бір кірқожалақ қыз өмір сүріпті. Оның дүниедегі жек көретін нәрсесі – қолын жуу және жуыну екен. Сол себептен қолында аяғында пайда болған жаралар денесіне тарайды. Ауыз арқылы ішке кірген микроб қызды ауруға шалдықтырады. Дәрігер қыз баланы тексеріп, ауруды жеңетін ғажайып затты ұсынады. - Бұл не деп ойлайсыңдар? а) Жұмбақ шешу. 1. Жылт-жылт еткен, Жылғадан өткен. (су) 2. Не зиян? Не пайдалы? 3. тіс емдейтін дәрігер (стоматолог) 4. Көз көрмегенде киетін зат (көзілдірік) 5. Асқар тауда қара орман (шаш) 6. Тәні саудың (жаны) сау. IV. Ой қозғау. - Балалар жеке бас гигиенасын сақтау дегенімізді қалай түсінесіңдер? а) 1. Жеке бас гигиенасын сақтау деп таза жүру, таңертең тұрып жаттығулар жасау, жүгіру, жуыну қажет. Тырнақты өсірмей уақытында алып тұру. 2. Мектепте де, үйде де тазалықты сақтауымыз қажет. Тісімізді жуып, қолымызды сабындап жуу, бөгде заттарды ұстамау қажет. 3. Жеміс-жидектерді жуып жеу, тамақты асықпай шайнап жеу, тамақ үстінде сөйлемеу. 4. Спортпен айналысып, таза жүру әрбір адам өз денесін шынықтырса, жуынып, таза жүрсе оны аурудан сақтайды. 5. Адам еңбекке қабілетті болып өссе дене құрылысы сымбатты болады. Үнемі таза жүрсе денене жаман жаралар шықпайды. ә) Тірек схемамен жұмыс Балалар «Денсаулық – зор байлық» деген нақыл сөзді қалай түсінесіңдер? Байлық туралы ой қозғау. Байлық--- ақша ------------ машина ------------ денсаулық Ең үлкен байлығымыз – денсаулық. Адам денсаулығына не қажет деп ойлайсыңдар? 1. Екі бала қатар тұрса да, бірін-бірі көрмейді (көз) 2. Өзі кірді ашады, суға салса қашады (сабын) 3. Аузы бүрмелі қызыл қалта, ішінде 32 малта (тіс( 4. Аузы жоқ, көзі жоқ. Тілі жоқ, сөзі жоқ. Бірақта тісі бар. Басыңмен ісі бар. Бұл не? (тарақ) б) Көрініс «Кір қоймас» - Ата-ананың сабын туралы әңгімесі. VIII. Ойын « Қай заттың орыны алмасты?» Ойынның шарты: Заттарды мұқият қарап алыңдар. Сендер көздеріңді ашып, сол затты табыңдар. - Балалар, осы заттың ішінде адам денсаулығына не зиянды?Неліктен? - Шылым - Қойған заттарды қалай атауға болады? Олардың пайдасы бар ма? IX. а) Көрініс: «Тісі ауырған қолтырауын». ә) Тіс күтімі «Дәрігермен кездесу» X. Мақал-мәтел а) 1. Ас адамның арқауы. 2. Ас иесімен тәтті Табағымен жақсы. 3. Бал ұстаған бармағын жалатады. 4. Өзі тоймастың көзі тоймас. 5. Тәні саудың жаны сау. 6. Көзің ауырса қолыңды тый, Ішің ауырса аузыңды тый. 7. Тазалық - саулық кепілі, Саулық - байлық кепілі. 8. Демі бардың – емі бар . 9. Денсаулық – зор байлық. ә) Көз бұлшық еттерін нығайтуға арналған жаттығулар. XI. ойын. «Сен маған, мен саған» XII. Ой тұжырымы:

- Біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық? - Нені ойға тоқып, жадымызда сақтауға тиіспіз? - Сендер қандай азамат болып өсулерің керек?

Рухани жаңғыру

.

Полезные ссылки

 

banner lib rus

 

 




 

www e gov kz

 

mon 5 07

 Телефон доверия!!!









Скрыть