Меню KDT

logo.jpg?_=1502946731

   

logoimg2.jpg?_=1544615628
baiterek2.jpg?_=1461729572

 Бірінші сынып оқушысына мектепке бейімделуіне көмек көрсету.

    Сіздің балаңыз бірінші сыныпқа бара жатыр. Құттықтаймыз! Бұл жай жыл болмайды, барлық отбасы болып, тырысу керек. Бірінші сынып оқушысы мектептің талаптарын, қажетті тәртіп дағдыларын, оқу икемділігін меңгергенше балаға қолдау, назар, қайрат қажет және жақындарының қасынан табылып, бақылауы қажет.

Сәттіліктің 25 арқауы:

  1.     Көшені өту қажет болмаса да баланы мектепке шығарып салудан бас тартпаңыз. Жақын адаммен бірнеше минут бірге болу – бала үшін маңызды оқиға: ол оқушы. Бала үшін бұл жол серуен емес, бұл еңбек күнінің басталуы. Таңғы уақытты пайдалы қарым-қатынас үшін қолдану қажет. Бұл уақыт бала үшін маңызды болсын. Баланың көңілі болмаса, қолдап, көңілін көтеруге тырысыңыз. Жол бойы көп нәрсеге үлгеруге болады: сабақты қайталаңыз, кеше жаттаған өлеңді қайталауға, күннің ең басты мақсатын анықтауға.
  2.     Әр тұлғаның өз кеңістігі болуы қажет. Егер баланың өз бөлмесі болмаса, жұмыс орнын ұйымдастыру керек – бала маңызды іс-оқумен айналысатын үстелқажет. Гигиена ережелерін сақтау үшін – сымбатты болу үшін, дұрыс отыру, қажетті жарық болуы тиісті.
  3.      Күн тәртібі бөлек назарды қажет етеді. Демалыс пен оқу уақытын дұрыс бөлу маңызды, себебі оқудағы және тәртіптеге мәселелердің басты себебі шаршағандықтан ұзақ мерзімде зейін қоя алмауында. Үй жұмысын орындауда артық кетпеу. 6-7 жастағы балалар бір жарым сағаттан артық дайындалмауы қажет, 15 минуттан кем емес үзіліс жасап отыру керек. Күн тәртібін құрастырып, қатаң ұстаныңыз. Міндетті серуендеу уақытын жоспарлаңыз.
  4.      Мектепке барған баланың өмірі өзгереді. Бірақ ойындар мен қуаныш көп болуын қамтамасыз етіңіз. Бірінші сынып оқушысында ойын түріндегі сабақтарға уақыт көп қалуы тиіс.
  5.      Балада жетістікке жетем деген талпынысты қолдау қажет. Әр жұмыста баланы мақтайтын бір нәрсе табыңыз. Есіңізде болсын, мақтау және эмоционалдық қолдау («Жарайсын!», «Сен жақсы орындадын!») адамның зияткерлік жетістіктерін жоғарлатады. Бала оқудан, жетістігінен қуанышқа бөленсін, рақаттансын.
  6.      Баламен бірге мектепте кездескен ережелер мен нормаларды талдаңыз. Олардың қажеттілігі мен пайдасын түсіндіріңіз.
  7.      Ата-ана мектепте болып жатқанның барлығынан хабардар болуы қажет. Әсіресе үй тапсырмалары мен пәндерге қатысты. Әрқашан баланың қасында болыңыз. Қысым көрсетпейтін керісінше достық бақылау жүргізіңіз. Қане, үйге қандай тапсырма берді, менімен бөліс? Сен нені түсіндің, тапсырманың мағынасы неде? Сен тапсырманы қалай орындауды жоспарлайсын? Саған менің көмегім қажет пе?
  8.      Мектептегі бірінші күндері сабақ оқуға баламен бірге отырғаныңыз дұрыс болады, қажет болған уақытта баланың қолын тоқтатасыз: «Тоқта, екеуміз бірге ойланайық!». Бірақ біраз уақыт өткеннен кейін ересек адам алыстайды. Бала әрекетін бақылап отырады, бағыт беріп, түзетіп отырады, бірақ қолын созбай сөзбен тоқтатады: «Тоқта, ойлан». 3-4 аптадан кейін ересек адам тағыда артқа шегінеді, бөлменің екінші шетіне барып «өз ісімен айналысады» (кітап оқиды, тоқиды, тігеді), бірақ баланың қозғалысын бақылап, нақты тапсырмалар беріп, арасында баланың жұмысын тексеріп тұрады. Біраз уақыт өткеннен кейін баланы жалғыз қалдырыңыз, жұмысын тексеріп тұруға ұмытпаңыз. Сіз осы әрекетіңізбен баланы ойланған дербестікке үйретесіз.
  9.     Алғашқы уақытта бала үй тапсырмасын орындауға жауапкершілікпен қарағанша, күн сайын бақылау жүргізіңіз.
  10.     Психологтар кеңесі бойынша үй тапсырмасын орындауды ең қиын тапсырмадан бастап, жазбаша сабақты ауызша сабақпен кезектестіріп отыру қажет. Сонымен бірге белсенді қозғалыспен үзіліс жасап отырған дұрыс.
  11.     Баламен бірге үстел басында отырған уақытыңызды босқа кетірдім деп ашуланбаңыз.
  12.     Бала істеп отырған жұмысқа араласпаңыз, бала өзі сұрамағанша. Сіз араласпай оған «Сенде барлығы жақсы! Сен әрине орындап шығасын!» деп тұрыңыз.
  13.     Еш уақытта жас бала үшін ешнәрсе істемеңіз.
  14.     Егер балаға қиын болып тұрса, сіздің көмегіңізді қабылдағысы келсе міндетті түрде көмек көрсетіңіз. Бірақ тек орындай алуға қиналып тұрғанға көмектесіңіз, басқасын өзі орындасын. Бала жаңа әрекеттерді меңгеру шамасына қарай оларды балаға тапсырыңыз.
  15.     Үй тапсырмасын тексеріп тұрудан алыстамаңыз. Үнсіз қалмаңыз, бірақ балаға ұрыспаңыз. Баламен бірге оқуды бастадым деп ойлаңыз. Барлығына ойланып, қызығушылықпен қараңыз. Егер қате немесе ұқыпсыз орындағанын көрсеңіз балаға түзетуді ұсыныңыз. Бірақ, ең бастысы кішкентай адамға сіздің сыныңыздан үрей сезімін тудырмаңыз. Қатал болыңыз, бірақ әділ және жылы шырай танытыңыз. Сіздің мақсатыңыз – қамқоршылық көмек.
  16.     Балаға сабақтарды ол анасы мен әкесі, әжесі мен атасы үшін оқымайды, ол баланың ісі екенің түсіндіруге тырысыңыз. Ата-аналар балаға күніне жүз рет сабақ туралыесіне түсіріп тұрмаса, бала барлығын ұмытып кеткен сияқты көрінеді. Бірақ шынында ол олай емес. Бастауыш сынып оқушылары мектеппен байланысты барлық нәрсеге толқып қарайды.
  17.     Ешқандай шарт қоймаңыз. Баланы тек бір нәрсе үшін әрекеттенуге үйретесіз. Оқимын деген ынтасы баланың маңызды қажеттілігі болып қалуы керек. Жазаланбау үшін оқу қорқынышы балада мектепке және оқуға деген жек көру сезімін тудырады.
  18.     Баламен қарым-қатынастан «парықсыз» сөзін алып тастаңыз.Бала сізге сеніп қалуы мүмкін.
  19. Бала мектептен келгенде айтылатын сөздерді есіңізге түсіріңіз: «Бүгін қандай баға алдың?» Басқаша айтып көріңіз. Баланы мектеп вестюбилінде қарсы алып, үйге бара жатып «Бүгін сабақта қандай қызық болды? Саған не ұнады, не ренжітті?» деп сұраңыз
  20.     Баланың тіл дамуы, қиялдануы, сауаттылығы баланың тіл ортасының толықтығына байланысты. Осыған жету үшін аудио көмегін қолданыңыз.
  21. Егер сізді балаңыздың тәртібінде, оқуында бір нәрсе мазаласа, мектеп психологы, мұғалімге кеңес алуға жүгінуге ұялмаңыз.
  22.     Оқу дағдыларын меңгерудің алғашқы кезеңінде балада болатын қиыншылықтарды өткізіп алмаңыз. Мысалы,бірінші сынып оқушысында логопедия мәселелері болса оларды оқудың бірінші жылында түзетуге тырысыңыз.
  23.     Бала мектепке барысымен бала өмірінде сізденде беделді адам пайда болады. Бұл мұғалім. Бірінші сынып оқушысының педагог туралы пікірін сыйлаңыз.
  24.     Бала тұлғасы даму үшін үй бойынша тапсырмалар орындауды жалғастыру маңызды. Бала өмірдегі жаңа жағдайға үйрену қажеттілігі барысында қосымша міндеттерден босатуға болмайды.
  25.     Әрекетіндегі жағымсыз жақтарымен баланы кездестіріп отырыңыз (немесе әрекетсіздігімен). Тек сонда ғана ол ер жетеді, саналы болады.

 

     Баланы шартсыз қабылдау – бұл баланы сұлулығы, ақылы, қабілеті, үздік болғаны, көмекші болғаны үшін жақсы көрмей, бала бар болғаны үшін жақсы көру қажет!

Рухани жаңғыру



.

Пайдалы сілтемелер

Скачать весь прайс

www e gov kz

mon 5 07

banner lib rus

Сенім телефондары!





Скрыть