Оқушылардың салауатты өмір салты.
Адамның денсаулығы көптеген факторларға байланысты – ішкі және сыртқы, табиғи және әлеуметтік, ғарыштық және әлемдік және т.б. Адам үшін осылдардың кез келгені айқындаушы болуы мүмкін, бірақ қоғамдық денсаулық деңгейін анықтайтын факторлардың әсері келесі үлгі ретінде бөлінеді:
Адамның денсаулығы көптеген факторларға байланысты – ішкі және сыртқы, табиғи және әлеуметтік, ғарыштық және әлемдік және т.б. Адам үшін осылдардың кез келгені айқындаушы болуы мүмкін, бірақ қоғамдық денсаулық деңгейін анықтайтын факторлардың әсері келесі үлгі ретінде бөлінеді:
- Тұқым қуалаушылық (биологиялық факторлар) — денсаулықты 20% анықтайды
- Сыртқы орта жағдайы (табиғи және әлеуметтік) — 20% - ға
- Денсаулық сақтау жүйесінің қызметі— 10% - ға
- Адамның өмір салты— 50% - ға
Адамның денсаулық факторын анықтайтын ең манызды фактор, оның өмір салты, яғни еңбек және демалыс тәртібі, қозғалыс мәдениеті, дене және ойлау белсенділігі, тамақтануы, шыңығуы, қарым –қатынас және тілдесу мәдениеті, жаман әдеттері және т.б. Адамда өмір салты балалық шақта қалыптасады, бала қатысты социум мен этнос, отбасылық дәстүрлер мен салттарды көрсетеді. Өмір салты баланың денсаулығын дамыту және сақтауға мүмкіндік береді (бұл жағдайда САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ туралы айтқанда), керісінше адам денсаулық потенциалын төмендетуге итермелейді, оның генетикалық алдын ала ӨМІРІНІҢ ұзақтығын қысқартуға себеп болуы мүмкін.
Оқушылардың салауатты өмір салты. Ата-аналардың есіне::
- өмір салты жас ерекшілікті болуы керек;
- өмір салты энергетикалық қамтамасыз етілген болуы керек;
- өмір салты нығайтушы болуы керек;
- өмір салты ырғақты болуы керек;
- өмір салты эстетикалық болуы керек;
- өмір салты адамгершілікті болуы керек;
- өмір салты ерікті болуы керек;
- өмір салты өзің-өзі шектеуші болуы керек.
Оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыруда әлеуметтік-педагогикалық технологиялар – бұл балаларды өз еркімен салауатты өмір салтын жүргізуге дайындауға бағытталған, ғылыми дәлелденген қызметтердің әдістері, түрлері, үлгілер жиынтығы енгізілген педагогикалық үрдісіндегі субъектік- субъект қарым-қатынас негізінде салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша әрекет әдістеріне қосымша ретті мақсатты жүйе.
Алғашқы алдын алу шаралары:
· Адам ағзасындағы зиянды факторлардың әсерін төмендету бойынша шаралар қолдану;
· Салауатты өмір салтын қалыптастыру:
· барлық зиянды факторлардың денсаулыққа тигізетін әсері туралы халықтың барлық санатының білім деңгейін жоғарлатуға бағытталған үнемі қозғалыстағы ақпараттық-насихаттау жүйесін құру және қолдау, бұл әсерді төмендететін мүмкіншіліктер мен жолдары,
· санитарлық-гигиеналық тәрбие,
· темекі бұйымдарын қолдану және темекіні шегуді таратуды төмендету, ішімдікті қабылдауды төмендету, ісірткі заттарын және есірткіні қабылдаудың алдын алу,
· дұрыс демалуға үйрету,
· халықты дене шынықтыру, туризм және спортпен шұғылдануға қатыстыру, осы сауықтыру түрлерін қол жетімділігін жоғарлату;
· Алдын алу медициналық тексерулер барысында денсаулыққа зиянды факторларды анықтап, оларды жою бойынша шараларды қолдану;
· Халықтың түрлі топтарына иммунитеттік алдын алуды жүргізу;
· Жарақаттанушылықтың, психологиялық және соматикалық аурулардың дамуының алдын алу бойынша шараларды қалыптастыру;
· Медициналық және медициналық емес шараларды қолдану арқылы денсаулық үшін жағымсыз әсерін тигізетін факторларда болған халықты сауықтыру.