Меню KDT

logo.jpg?_=1502946731

   

logoimg2.jpg?_=1544615628
baiterek2.jpg?_=1461729572

Мектеп жаңалықтары

Мұз айдынындағы қауіпсіздік ережелерін білеміз бе?

Мақсаты: мұз айдындарындағы қауіпсіздік ережелері туралы мағұлмат беру, есту көру арқылы өзбетінше логикалық ойлау қабілетін арттыру. Отанын сүйіп қорғай білуге тәрбиелеу.

 

Барысы:

Ұйымдастыру сәті

Жүргізуші:

Қош келдіңіз, халайық, сергіген бой,

Бүгін біздің мектепте дүбірлі той.

Ден қойып тыңдаңыздар, тамашалап,

Айтылар саф алтындай бірнеше ой.

Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата- аналар!

Бүгінгі «Мұз айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін білеміз бе?» аттыұйымдастырылып отырған тәрбиелік івс- шарамызға қош келдіңіздер!

Денсаулық - бар байлығың басыңдағы,

Жайнаған өміріңнің жасыл бағы.

Қастерлеп, мәпелесең, аяласаң,

Бойыңнан кетпес қуат жасындағы.

Мұз айдындарындағы қауіпсіздік ережелері: 1. Күн суытып, мұз қату мерзімі келді. Балалар коньки киіп, бірер сағат мұзға шығуға шыдамсыздық танытады. Бірақ тоған, көл бетіне шығуға асығуға болмайды.

  1. Мұз өте қауіпті. Біздің облыста қараша –желтоқсан айларында мұз қата бастайды. Мұз бұл кезде жұқа, ауырды көтере алмайды, абайламасаң бұл қайғылы жағдайға әкеліп соғады.

Мұз айдынында мына қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет: Балаларда тәжірибе жоқ, қауіпсіздік шараларын білмейді, сол себептен тез қайғыға ұшырайды.

Қауіпсіздік шаралары болмау үшін баларға қамқор болыңыздар.

1-оқушы:

Шымыр болу оңай ма,

Арман болған талайға,

Жаттығулар көріп ал,

Қайталайық қалайда!

2- оқушы:

Жүріңдер, балалар!

Сырғанақ тебеміз,

Құрыспай, құрыштай, шынықсын денеміз!

Таяққа бау тағып,

Шынығыңды байлап ал,

Билай, малақай, бәрін де сайлап ал!

3- оқушы:

Спорт - сенің серігің,

Саулығың менің сенімін,

Спортпенен шыңдалар,

Жігерің мен ерігің.

Жалаң аяқ қар басып,

Саяхатта, қарға шық,

Табиғаттың көркіне,

Болғың келсе шын ғашық.

4- оқушы:

Шұғылдансаң сүйіп шын,

Спорт –жеңіс, биік шың.

Етене өссең онымен.

Азаматсың жігітсің.

Қиындықта - тар өткел,

Төзімді боп әдеттен

Масаттанбай жеңіске.

5 оқушы:

Салауаттылық - сергек те,

Таза жүру өмірде.

Азаматтық келбетке,

Дақ түсірмеу тегінде.

Салауатты салтты ұғып,

Таңда жолдың дұрысын.

Спортпенен жаттығып

Жаз дененің құрысын.



Тыйым салынады:

  • Дұрыс қатпаған, бетін қар басып қалған мұз үстінде сырғанауға және топталып тұруға;

  • Тез су ағымы бар жерлерде, бұлақты жерлерде ойнауға;

  • Мұз үстінен қауіпсіздік белгілері жоқ жерден өтуге;

  • Егер де тәулік бойы ауаның температурасы құбылып тұрса, мұз үстіне шығуға, әсіресе, түнгі уақыттарда шығуға тыйым салынады.

Балалар!

  1. Мұз қатар кезінде су айдындарында сақ болыңыздар!

  2. Жұқа мұздың үстіне шаңғы және коньки теппеңдер!

  3. Өмірлеріңе қауіп төндірмеңдер!

  4. Жұқа, толық қатпаған мұз үстіне шықпаңдар!

6- оқушы:

Шаңғы спорты. Шаңғыны солтүстікте тұратын халықтар ойлап тауып, қозғалыс туралы ретінде қолданған. Слаломда шаңғышы қойылған тосқауылдарды айналып өтіп, арнаулы соқпақпен таудан құлдилдайды.

7- оқушы:

Тау шаңғысы спорты – арнайы жолдармен таудан төмен құлдилау. 5 спорттық жарыс түрін қамтиды. Сламом, гиганттық сламом, жылдамдықпен құлдилау, альпілік қоссайыс. Сноубордшылар аяқ бекіткіші бар моншағы – снноуборда акробттық элементтерді орындайды.

8- оқушы:

Шана спорты. Шана спорты бойынша жарыстар бұрылыстары мен вираждары бар мұзды соқпақтарда өткізіледі. Спортшы арқасында жатып шананы басқарады. Шананы алдында отырған пилот – бағдар ұстаушы басқарады. Бобслейдтің отаны Швейцария болып табылады. Осында 1888 жылы ағылшын Уилсон Смит алғашқы бобты құрастырады.

9 - оқушы.

Мәнерлеп сырғанау. Бұл спортшының музыка ырғағымен мұзда конькимен жасалатын қимыл – қозғалысы. Жеке сырғанау болып бөлінеді.

10 - оқушы:

Хоккей. Мұз алдында өтетін спорттық командалық ойын. Барлық ойыншылар айдында қозғалыс құралы ретінде конькиді пайдаланылады. Қарсылас команданың ойыншыларына допты соғуға талпына отырып, қарсылас топтың мұндай әрекет жасауларына жол бермейді. Қақпаны қақпашылар қорғайды.

 

Сынып жетекшісі:            Беркутова А.М.



Просмотров: 653

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Рухани жаңғыру



.

Пайдалы сілтемелер

Скачать весь прайс

www e gov kz

mon 5 07

banner lib rus

Сенім телефондары!





Скрыть