Меню KDT

logo.jpg?_=1502946731

   

logoimg2.jpg?_=1544615628
baiterek2.jpg?_=1461729572

Мектеп жаңалықтары

1 қыркүйек

Бүгін біздің өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын!» Балалар, сіздер алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама беріп кеткенім жөн болар. Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға.

- Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос–жарандарың, туған-туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!

 

  • Президент деген кім? Біздің еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемі бойынша 9 орында тұр. Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар. Аталған қалаларда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украйндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр.

(Осы кезде картамен жұмыс жасату). Аталған қалаларды картаға түсіріп бояңыздар.

Сынып жетекшісі:         Беркутова А.М.



Просмотров: 368

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Рухани жаңғыру



.

Пайдалы сілтемелер

Скачать весь прайс

www e gov kz

mon 5 07

banner lib rus

Сенім телефондары!





Скрыть