Меню KDT

logo.jpg?_=1502946731

   

logoimg2.jpg?_=1544615628
baiterek2.jpg?_=1461729572

Мектеп жаңалықтары

Астана қаласы №29 орта мектептің 7 «а» сынып оқушыларының «Халық қаһарманы Қасым Қайсенов-100 жаста» атты тәрбие сағатының талдауы

Астана қаласы №29 орта мектептің  7 «а» сынып оқушыларының

«Халық қаһарманы  Қасым Қайсенов-100 жаста»  атты  тәрбие сағатының

талдауы

 

Тәрбие сағаты сынып жетекшісінің кіріспе сөзімен басталды.

Мұғалім сынып сағатының мақсаты мен мазмұнына тоқтала келіп,

кезекті жүргізуші оқушыға берді.

Жүргізуші   Қасым Қайсеновке арналған жыр шумақтарын оқушыларға

орындатты.

 Қасым Қайсеновтің өмір жолына арналған баяндаманы 7 «а» сынып оқушысы Асқарова Ақмарал оқыды. Баяндамада батырдың соғыс кезінде

жау тылындағы ерліктері мен еңбектеріне байланысты мол мағлұматтар

қамтылған.



Баяндамада берілген мағлұматтар слайдқа салынып көрсетілді.

Қасым Қайсеновтің алған ордендері мен медальдары ,кезең-кезеңімен

берілген уақытына сәйкес аталып отырды.

Батырдың жау тылындағы неміс комендатурасына шақырылған сәтін  бейнелейтін инценировка (қойылым )көрсетілді.

  

Баяндамада  батырдың соғыстан кейінгі өмірі кеңінен қамтылып, халық шаруашылығын қалпына келтіру саласындағы атқарған қызметтері берілген.

Сондай-ақ  әдебиет саласындағы жазушылық еңбектері- кітаптарынан үзінділер оқылды.

 7 «а» сынып оқушылары : Жанаев Санжар- Қасым Қайсеновтің ,

Нарбаев Алихан—неміс офицерінің рольдерін  ойдағыдай орындап шықты.

Мектеп кітапханасының оқырмандар залында  батырдың үлкейтілген суретері мен жазған кітаптарынан көрме ұйымдастырылды.

  

  Қорыта келгенде  «Халық қаһарманы Қасым Қайсенов- 100 жаста»-

атты тәрбие сағаты- жас ұрпақтарды Отанын сүйіп, оны қорғауға барлық уақытта дайын болуға , елін қорғап тірі кезінің өзінде аты аңызға айналған

батырдан өнеге алуға бағытталған мақсатына жетті

 

Сынып жетекшісі         Б.Р Ултаракова



Просмотров: 983

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Рухани жаңғыру



.

Пайдалы сілтемелер

Скачать весь прайс

www e gov kz

mon 5 07

banner lib rus

Сенім телефондары!





Скрыть