Меню KDT

logo.jpg?_=1502946731

   

logoimg2.jpg?_=1544615628
baiterek2.jpg?_=1461729572

Мектеп тарихына үңілейік... 

     №29 орта мектептің тарихы 1946 жылдан басталады.

4 қазақ, 4 орыс сыныптардан тұратын №84 .4-жылдық мектеп еді. Алғашқы меңгерушісі :Чумаров Анатолий Ефремович.

    Жыл сайын сыныптар саны көбейіп, 1950 жылы 7-жылдық мектепке айналды.

   1976 жылы мектеп 40-шы станцияның № 71 8-жылдық мектебі ретінде алғашқы түлектерің ұшырды. Сол кезде мектепте дәріс берген Глуздакова Вера Петровна, Майорова Наталья Сергеевна, Кузнецова Валерия Петровна, Катлярова Мария Григорьевна, Головченко Лидия Петровна сияқты ұстаздар әлі күнге дейін естеріне алады.

    1980 жылдан бастап мектеп Целиноград қаласының Совет ауданың Мұхтар Әуезов атындағы № 29  8-жылдық мектебіне айналды.

   1990 жылдан бастап мектеп № 29 орта мектеп деп  атала бастады.

   1946 жылдан 1996 жылға дейін мектеп басшылары да ауысып отырды. Олар: Чумаров А.Е., Кабельдин, Мурзинцев, Цхе Ю.В., Мақұлбеков С.М., Аскаров, Карымсақов М.Б., Аубакиров К.А., Есимсеитов Е.Е., Котлярова М.Г., Чувило В.А., Бурманова С.Х., Грамлих Г.В., Досмагамбетова К.Т.

   1996 жылдан 2006 жылға дейін мектепті Нұрпанова Малика Боронбайқызы басқарды. Осы мезгіл аралығында ол мектептің нағыз астаналық білім ордасының деңгейіне дейін көтерілінуіне көп үлес қосты.

    Мектеп түлектерінің ішінде Қазақстанға аса танымал хабар арнасының дикторы Айгүл Мүкей, суретші Тельгозиева Т. бар.

     Қазір мектепті Қазақстан Республикасының үздік мұғалімі, 30 жылдан астам еңбек өтілі бар тәжірибелі ұстаз Мұхамедиев Нұрмұхан Нұрахметович басқарады. Мектепте 756 оқушы орыс-қазақ тілінде оқиды. № 3 балалар музыка мектебінің филиалы жұмыс істейді. Бүгінгі мектеп ұжымы  62 мұғалімінен тұрады. Соның ішінде Гаргарица С.Ф., Сатина Н.К., Даулетова  С.К. Досмагамбетова К.Т. сияқты ұстаздар   бар күштерін осы мектепке арнауда.   Сарсенова Г.С., Туспеков Ж.У. сияқты ұстаздар осы мектептің түлектері.

    Сондай-ақ шығармашылықпен жұмыс істейтін мынадай мұғалімдердің атын атап өтпеуге болмайды. Олар: Абильдинов Р.Д.,  Анарбаева А.С., Шайхыстан А.А., Алпанова Ж.Б., Акмагамбетова Р.М.Жекенова Б.Т., Сарсенова Г.С.

   Сондай-ақ қала деңгейіндегі іс-шараларға белсене қатысып, жүлдегер атанып  жүрген төмендегідей мақтаныштарымыз бар: Қадырбаева Қ. – 11 сынып оқушысы,  Илипбаев Д. – 10 сынып оқушысы, Алиев А. – 11 сынып оқушысы, Мұхантаева Н. – 10 сынып оқушысы, Маржикпаев Р. – 10 сынып оқушысы.

 

 

 

 

 

 

Рухани жаңғыру



.

Пайдалы сілтемелер

Скачать весь прайс

www e gov kz

mon 5 07

banner lib rus

Сенім телефондары!





Скрыть